Quran Apps in many lanuages:

Surah Ar-Rad Ayahs #36 Translated in Kazakh

وَلَقَدِ اسْتُهْزِئَ بِرُسُلٍ مِنْ قَبْلِكَ فَأَمْلَيْتُ لِلَّذِينَ كَفَرُوا ثُمَّ أَخَذْتُهُمْ ۖ فَكَيْفَ كَانَ عِقَابِ
Ей, Мұхаммед! Анығында, сенен бұрынғы елшілер де келеке етілген еді. Мен сондай күпірлік еткендерге иманға келмегендерге уақыт беріп, кейін оларды ұстадым жазаға тарттым . Жазалауым қандай екен
أَفَمَنْ هُوَ قَائِمٌ عَلَىٰ كُلِّ نَفْسٍ بِمَا كَسَبَتْ ۗ وَجَعَلُوا لِلَّهِ شُرَكَاءَ قُلْ سَمُّوهُمْ ۚ أَمْ تُنَبِّئُونَهُ بِمَا لَا يَعْلَمُ فِي الْأَرْضِ أَمْ بِظَاهِرٍ مِنَ الْقَوْلِ ۗ بَلْ زُيِّنَ لِلَّذِينَ كَفَرُوا مَكْرُهُمْ وَصُدُّوا عَنِ السَّبِيلِ ۗ وَمَنْ يُضْلِلِ اللَّهُ فَمَا لَهُ مِنْ هَادٍ
Барлық жанды істеген ісімен бірге бақылап тұрушы Ол өзгелермен бірдей ме? Ал, олар Аллаһқа серіктер қосты. Айт: «Оларды атаңдаршы. Әлде сендер Оған жер бетінде Ол білмейтін бір нәрсенің хабарын бермекшісіңдер ме, әлде бұл бос сөз бе?» деп. Жоқ, керісінше, сондай күпірлік еткендерге Аллаһқа серік қосқандарға қулықтары әдемі етіп көрсетіліп, олар жолдан тосылды. Ал, кімді Аллаһ адастырса, оған тура жол көрсетуші жоқ
لَهُمْ عَذَابٌ فِي الْحَيَاةِ الدُّنْيَا ۖ وَلَعَذَابُ الْآخِرَةِ أَشَقُّ ۖ وَمَا لَهُمْ مِنَ اللَّهِ مِنْ وَاقٍ
Оларға осы өмірде азап бар. Ал соңғы, мәңгілік өмір ақирет азабы одан да ауыр. Әрі оларды Аллаһтан қорғаушы жоқ
مَثَلُ الْجَنَّةِ الَّتِي وُعِدَ الْمُتَّقُونَ ۖ تَجْرِي مِنْ تَحْتِهَا الْأَنْهَارُ ۖ أُكُلُهَا دَائِمٌ وَظِلُّهَا ۚ تِلْكَ عُقْبَى الَّذِينَ اتَّقَوْا ۖ وَعُقْبَى الْكَافِرِينَ النَّارُ
Тақуаларға Аллаһқабойсұнып, жаза­сынан қорқып, сақтанатындарға уәде етілген жәннат бақтарының мысалы оның астынан өзендер ағып жатады, оның жемістері және көлеңкелері әрдайым тұрақты. Тақуалардың Раббысының жазасынан қорқып, сақтанатындардың нәтижесі міне осындай. Ал, кәпірлердің соңы От тозақ
وَالَّذِينَ آتَيْنَاهُمُ الْكِتَابَ يَفْرَحُونَ بِمَا أُنْزِلَ إِلَيْكَ ۖ وَمِنَ الْأَحْزَابِ مَنْ يُنْكِرُ بَعْضَهُ ۚ قُلْ إِنَّمَا أُمِرْتُ أَنْ أَعْبُدَ اللَّهَ وَلَا أُشْرِكَ بِهِ ۚ إِلَيْهِ أَدْعُو وَإِلَيْهِ مَآبِ
Ей, Мұхаммед! Біз Кітап бергендерден саған түсірілгенге Құранға қуанатындар әрі Аллаһтың Елшісіне қарсы одақтас топтардың ішінде оның Құранның бір бөлігін теріске шығаратындар бар. Айт: «Шын мәнінде, мен Аллаһқа құлшылық етуге және Онымен қатар өзгелерге табынбауға серік қоспауға бұйырылдым. Әрі мен Оған шақырамын және Оған қайтамын», деп

Choose other languages: