Quran Apps in many lanuages:

Surah An-Nur Ayahs #14 Translated in Kazakh

وَلَوْلَا فَضْلُ اللَّهِ عَلَيْكُمْ وَرَحْمَتُهُ وَأَنَّ اللَّهَ تَوَّابٌ حَكِيمٌ
Егер Аллаһтың сендерге деген кеңшілігі мен мейірімі болмаса және Аллаһ тәубені істеген күнәсіне шынайы өкініп, Өзіне бойсұнуғақайтуды қабыл етуші, әрі аса Дана болмағанда еді онда жазаға тез тартылар едіңдер
إِنَّ الَّذِينَ جَاءُوا بِالْإِفْكِ عُصْبَةٌ مِنْكُمْ ۚ لَا تَحْسَبُوهُ شَرًّا لَكُمْ ۖ بَلْ هُوَ خَيْرٌ لَكُمْ ۚ لِكُلِّ امْرِئٍ مِنْهُمْ مَا اكْتَسَبَ مِنَ الْإِثْمِ ۚ وَالَّذِي تَوَلَّىٰ كِبْرَهُ مِنْهُمْ لَهُ عَذَابٌ عَظِيمٌ
Ақиқатында, ‘Айша туралы жаланы айтып келгендер, өздеріңнен болған бір топ. Оны өздерің үшін жамандық деп есептемеңдер. Жоқ, олай емес, ол сендер үшін қайырлы. Олардан әрбір кісіге осы күнәдан жала, өсектерінен тапқаны тиеді. Ал олардан оның үлкен бөлігін алғанға жаланы бастағанға өте үлкен азап бар
لَوْلَا إِذْ سَمِعْتُمُوهُ ظَنَّ الْمُؤْمِنُونَ وَالْمُؤْمِنَاتُ بِأَنْفُسِهِمْ خَيْرًا وَقَالُوا هَٰذَا إِفْكٌ مُبِينٌ
Сендер мұны жаланы естіген кездеріңде, иманды ерлер мен иманды әйелдер іштерінен жақсыны ойлап: « Бұл анық жала», демедіңдер ме
لَوْلَا جَاءُوا عَلَيْهِ بِأَرْبَعَةِ شُهَدَاءَ ۚ فَإِذْ لَمْ يَأْتُوا بِالشُّهَدَاءِ فَأُولَٰئِكَ عِنْدَ اللَّهِ هُمُ الْكَاذِبُونَ
Олар бұған неге төрт куә келтірмеді? Егер куәлар келтіре алмаса, олар Аллаһтың алдында нағыз өтірікшілер
وَلَوْلَا فَضْلُ اللَّهِ عَلَيْكُمْ وَرَحْمَتُهُ فِي الدُّنْيَا وَالْآخِرَةِ لَمَسَّكُمْ فِي مَا أَفَضْتُمْ فِيهِ عَذَابٌ عَظِيمٌ
Егер Аллаһтың осы өмірде және соңғы, мәңгілік өмірде ақиреттегі сендерге деген кеңшілігі мен мейірімі болмағанда, онда өздерің сөзбен батқандарың жала, өсектерің үшін сендерге үлкен азап тиер еді

Choose other languages: