Quran Apps in many lanuages:

Surah An-Nisa Ayahs #171 Translated in Kazakh

إِنَّ الَّذِينَ كَفَرُوا وَصَدُّوا عَنْ سَبِيلِ اللَّهِ قَدْ ضَلُّوا ضَلَالًا بَعِيدًا
Ақиқатында, сондай күпірлік еткен пайғамбардымойындамаған және Аллаһтың жолынан тосқандар, ұзақ адасумен адасты
إِنَّ الَّذِينَ كَفَرُوا وَظَلَمُوا لَمْ يَكُنِ اللَّهُ لِيَغْفِرَ لَهُمْ وَلَا لِيَهْدِيَهُمْ طَرِيقًا
Анығында, күпірлік етіп иманға келмеген! және әділетсіздік еткендерді Аллаһ кешірмейді және оларды тура жолға түсірмейді
إِلَّا طَرِيقَ جَهَنَّمَ خَالِدِينَ فِيهَا أَبَدًا ۚ وَكَانَ ذَٰلِكَ عَلَى اللَّهِ يَسِيرًا
тек Жаһаннамның жолына салып , олар онда мәңгілік қалады. Бұл Аллаһ үшін жеңіл
يَا أَيُّهَا النَّاسُ قَدْ جَاءَكُمُ الرَّسُولُ بِالْحَقِّ مِنْ رَبِّكُمْ فَآمِنُوا خَيْرًا لَكُمْ ۚ وَإِنْ تَكْفُرُوا فَإِنَّ لِلَّهِ مَا فِي السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضِ ۚ وَكَانَ اللَّهُ عَلِيمًا حَكِيمًا
Ей, адамдар! Елші сендерге Раббыңыздан ақиқат алып келді. Ендеше өздеріңе қайырлы түпкілікті жақсы болуы үшін иманға келіңдер. Ал, егер күпірлік етсеңдер қарсы келсеңдер, сенбесеңдер , ақиқатында, аспандардағы және жердегілердің бәрі Аллаһтікі. Аллаһ бәрін Білуш, аса Дана
يَا أَهْلَ الْكِتَابِ لَا تَغْلُوا فِي دِينِكُمْ وَلَا تَقُولُوا عَلَى اللَّهِ إِلَّا الْحَقَّ ۚ إِنَّمَا الْمَسِيحُ عِيسَى ابْنُ مَرْيَمَ رَسُولُ اللَّهِ وَكَلِمَتُهُ أَلْقَاهَا إِلَىٰ مَرْيَمَ وَرُوحٌ مِنْهُ ۖ فَآمِنُوا بِاللَّهِ وَرُسُلِهِ ۖ وَلَا تَقُولُوا ثَلَاثَةٌ ۚ انْتَهُوا خَيْرًا لَكُمْ ۚ إِنَّمَا اللَّهُ إِلَٰهٌ وَاحِدٌ ۖ سُبْحَانَهُ أَنْ يَكُونَ لَهُ وَلَدٌ ۘ لَهُ مَا فِي السَّمَاوَاتِ وَمَا فِي الْأَرْضِ ۗ وَكَفَىٰ بِاللَّهِ وَكِيلًا
Ей, Кітап Інжіл берілгендер! Діндеріңде артық кетпендер және Аллаһ туралы шындықтан басқаны айтпаңдар. Шын мәнінде, Мәриям ұлы Иса Мәсих Аллаһтың Елшісі, Оның Мәриямға түсірген сөзі және Оның тарапынан болған бір рух. Сондықтан,Аллаһқа және Оның елшілеріне сеніңдер әрі «үшеу» деп айтпаңдар. Тыйылыңдар, өздерің үшін қайырлы болады. Шын мәнінде, Аллаһ жалғыз құдай. Ол баласы болудан пәк. Аспандардағы және жердегілердің бәрі Онікі. Аллаһ бәрін қамтуда жеткілікті

Choose other languages: