Quran Apps in many lanuages:

Surah An-Naml Ayahs #83 Translated in Kazakh

فَتَوَكَّلْ عَلَى اللَّهِ ۖ إِنَّكَ عَلَى الْحَقِّ الْمُبِينِ
Аллаһқа жүгініп, Оған ісіңді тапсыр тәуекел ет . Сөзсіз, сен анық ақиқатты ұстанудасың
إِنَّكَ لَا تُسْمِعُ الْمَوْتَىٰ وَلَا تُسْمِعُ الصُّمَّ الدُّعَاءَ إِذَا وَلَّوْا مُدْبِرِينَ
Ақиқатында, сен өлгендерге естірте алмайсың, сондай-ақ кереңдерге де, олар кері бұрылып кеткенде шақыруыңды естірте алмайсың
وَمَا أَنْتَ بِهَادِي الْعُمْيِ عَنْ ضَلَالَتِهِمْ ۖ إِنْ تُسْمِعُ إِلَّا مَنْ يُؤْمِنُ بِآيَاتِنَا فَهُمْ مُسْلِمُونَ
Сондай-ақ сен соқырларды да адасуларынан тура жолға салушы емессің. Сен тек аяттарымызға сеніп, мұсылман болғандарға бойсұнғандарға ғана естірте аласың
وَإِذَا وَقَعَ الْقَوْلُ عَلَيْهِمْ أَخْرَجْنَا لَهُمْ دَابَّةً مِنَ الْأَرْضِ تُكَلِّمُهُمْ أَنَّ النَّاسَ كَانُوا بِآيَاتِنَا لَا يُوقِنُونَ
Ал, оларға қияметтің алдында белгіленген сөз түскен кезде, олар үшін жерден бір жануар даббатул-ард шығарамыз. Ол адамдардың аят-белгілерімізге сенбегендіктерін айтады
وَيَوْمَ نَحْشُرُ مِنْ كُلِّ أُمَّةٍ فَوْجًا مِمَّنْ يُكَذِّبُ بِآيَاتِنَا فَهُمْ يُوزَعُونَ
Әрі ол күні Біз әрбір үмметтен аят-белгілерімізді өтірікке шығарған топты жинаймыз. Олар тосылып тоқтатылады

Choose other languages: