Quran Apps in many lanuages:

Surah An-Najm Ayahs #31 Translated in Kazakh

إِنَّ الَّذِينَ لَا يُؤْمِنُونَ بِالْآخِرَةِ لَيُسَمُّونَ الْمَلَائِكَةَ تَسْمِيَةَ الْأُنْثَىٰ
Анығында, соңғы, мәңгілік өмірге ақиретке сенбейтіндер періштелерді әйелдерге тән аттармен атайды
وَمَا لَهُمْ بِهِ مِنْ عِلْمٍ ۖ إِنْ يَتَّبِعُونَ إِلَّا الظَّنَّ ۖ وَإِنَّ الظَّنَّ لَا يُغْنِي مِنَ الْحَقِّ شَيْئًا
Алайда, оларда бұл жайында ешбір білім жоқ. Олар бос ой, болжамдарына ғана ереді. Ал, анығында болжам ақиқаттың орнын баспайды
فَأَعْرِضْ عَنْ مَنْ تَوَلَّىٰ عَنْ ذِكْرِنَا وَلَمْ يُرِدْ إِلَّا الْحَيَاةَ الدُّنْيَا
Ей, Мұхаммед! Біздің Еске салуымыздан Құраннан сырт айналғандардан және осы дүниедегі өмірден басқаны қаламағандардан теріс бұрыл
ذَٰلِكَ مَبْلَغُهُمْ مِنَ الْعِلْمِ ۚ إِنَّ رَبَّكَ هُوَ أَعْلَمُ بِمَنْ ضَلَّ عَنْ سَبِيلِهِ وَهُوَ أَعْلَمُ بِمَنِ اهْتَدَىٰ
Олардың білімінің жеткен жерлері міне, осы. Ақиқатында, Раббың Өзінің жолынан адасқанды жақсы біледі әрі Ол тура жолдағыны да жақсы біледі
وَلِلَّهِ مَا فِي السَّمَاوَاتِ وَمَا فِي الْأَرْضِ لِيَجْزِيَ الَّذِينَ أَسَاءُوا بِمَا عَمِلُوا وَيَجْزِيَ الَّذِينَ أَحْسَنُوا بِالْحُسْنَى
Аспандардағы және жердегі барлық нәрселер Аллаһтікі, Оның жамандық істегендерге жасаған істеріне орай қайтарым жаза беруі, ал жақсылық істегендерге ең жақсымен қайтарым сый беруі үшін

Choose other languages: