Quran Apps in many lanuages:

Surah An-Nahl Ayahs #81 Translated in Kazakh

وَلِلَّهِ غَيْبُ السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضِ ۚ وَمَا أَمْرُ السَّاعَةِ إِلَّا كَلَمْحِ الْبَصَرِ أَوْ هُوَ أَقْرَبُ ۚ إِنَّ اللَّهَ عَلَىٰ كُلِّ شَيْءٍ قَدِيرٌ
Аспандардың және жердің құпиясы Аллаһта. Ал Сағаттың қайта тірілу күнінің келуі бір көз салу сәтіндей ғана немесе одан да жақын. Ақиқатында, Аллаһ – әрбір нәрсені Жасай алушы
وَاللَّهُ أَخْرَجَكُمْ مِنْ بُطُونِ أُمَّهَاتِكُمْ لَا تَعْلَمُونَ شَيْئًا وَجَعَلَ لَكُمُ السَّمْعَ وَالْأَبْصَارَ وَالْأَفْئِدَةَ ۙ لَعَلَّكُمْ تَشْكُرُونَ
Әрі Аллаһ сендерді аналарыңның қарнынан құрсағынан еш нәрсені білмейтін күйлеріңде шығарды және алғыс білдірулерің үшін есту, көруді және жүректерді берді
أَلَمْ يَرَوْا إِلَى الطَّيْرِ مُسَخَّرَاتٍ فِي جَوِّ السَّمَاءِ مَا يُمْسِكُهُنَّ إِلَّا اللَّهُ ۗ إِنَّ فِي ذَٰلِكَ لَآيَاتٍ لِقَوْمٍ يُؤْمِنُونَ
Олар аспан кеңістігіндегі бағынышты құстарды көрмеді ме? Оларды Аллаһтан басқа ешкім де ұстап тұрған жоқ. Міне, Мұнда иманға келгендер үшін белгі-ғибраттар бар
وَاللَّهُ جَعَلَ لَكُمْ مِنْ بُيُوتِكُمْ سَكَنًا وَجَعَلَ لَكُمْ مِنْ جُلُودِ الْأَنْعَامِ بُيُوتًا تَسْتَخِفُّونَهَا يَوْمَ ظَعْنِكُمْ وَيَوْمَ إِقَامَتِكُمْ ۙ وَمِنْ أَصْوَافِهَا وَأَوْبَارِهَا وَأَشْعَارِهَا أَثَاثًا وَمَتَاعًا إِلَىٰ حِينٍ
Аллаһ сендерге үйлеріңді жайлы тұрақ етті. Малдардың терілерінен көшіп-қонғанда жеңіл алып жүретін үйлерді жасады. Әрі сендерге олардың жүнінен, түбітінен және қылынан жабдықтар мен бір уақытқа дейін пайдаланатын бұйымдарды да пайда етті
وَاللَّهُ جَعَلَ لَكُمْ مِمَّا خَلَقَ ظِلَالًا وَجَعَلَ لَكُمْ مِنَ الْجِبَالِ أَكْنَانًا وَجَعَلَ لَكُمْ سَرَابِيلَ تَقِيكُمُ الْحَرَّ وَسَرَابِيلَ تَقِيكُمْ بَأْسَكُمْ ۚ كَذَٰلِكَ يُتِمُّ نِعْمَتَهُ عَلَيْكُمْ لَعَلَّكُمْ تُسْلِمُونَ
Әрі Аллаһ сендерге Өзі жаратқандардан көлеңкелер жасады, сендерге тауларда паналайтын орындар, сендерді ыстықтан қорғайтын киімдер және зияннан қорғайтын киімдер сауыттар жасады. Ол сендерге бойсұнуларың үшін игілігін осылай етіп, соңына жеткізеді

Choose other languages: