Quran Apps in many lanuages:

Surah An-Nahl Ayahs #7 Translated in Kazakh

خَلَقَ السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضَ بِالْحَقِّ ۚ تَعَالَىٰ عَمَّا يُشْرِكُونَ
Ол аспандарды және жерді ақиқатпен жаратты. Ол олардың Оған қосқан серіктерінен жоғары
خَلَقَ الْإِنْسَانَ مِنْ نُطْفَةٍ فَإِذَا هُوَ خَصِيمٌ مُبِينٌ
Ол адам баласын бір тамшы ұрық судан жаратты. Міне, ендіол анық қарсыласушы
وَالْأَنْعَامَ خَلَقَهَا ۗ لَكُمْ فِيهَا دِفْءٌ وَمَنَافِعُ وَمِنْهَا تَأْكُلُونَ
Әрі Ол малдарды жаратты. Оларда сендерге жылу беретін және өзге пайдалар бар. Әрі олардан азықтанасыңдар
وَلَكُمْ فِيهَا جَمَالٌ حِينَ تُرِيحُونَ وَحِينَ تَسْرَحُونَ
Сендер үшін оларда кешке өрістен алып қайтқан кездеріңде және ертемен шығарған кездеріңде бір ұнамды көрік бар
وَتَحْمِلُ أَثْقَالَكُمْ إِلَىٰ بَلَدٍ لَمْ تَكُونُوا بَالِغِيهِ إِلَّا بِشِقِّ الْأَنْفُسِ ۚ إِنَّ رَبَّكُمْ لَرَءُوفٌ رَحِيمٌ
Әрі олар жүктеріңді артып, сендер жандарыңды қинап, әрең жететін өлкелерге жеткізеді. Ақиқатында, сендердің Раббың аса Мейірбан, ерекше Мейірімді

Choose other languages: