Quran Apps in many lanuages:

Surah An-Nahl Ayahs #106 Translated in Kazakh

قُلْ نَزَّلَهُ رُوحُ الْقُدُسِ مِنْ رَبِّكَ بِالْحَقِّ لِيُثَبِّتَ الَّذِينَ آمَنُوا وَهُدًى وَبُشْرَىٰ لِلْمُسْلِمِينَ
Ей, Мұхаммед!Айт: «Оны Құранды қасиетті Рух Жәбірейіл Раббыңнан ақиқатпен мүміндері имандыларды бекіту үшін және Мұсылмандарға бойсұнушыларға жолбасшы әрі қуанышты хабар етіп түсірді», деп
وَلَقَدْ نَعْلَمُ أَنَّهُمْ يَقُولُونَ إِنَّمَا يُعَلِّمُهُ بَشَرٌ ۗ لِسَانُ الَّذِي يُلْحِدُونَ إِلَيْهِ أَعْجَمِيٌّ وَهَٰذَا لِسَانٌ عَرَبِيٌّ مُبِينٌ
Әрі Біз олардың: «Негізінде, оған оны Құранды бір адам үйретеді»,-деп айтатындарын білеміз. Олар меңзеген адамның тілі бөтен, ал бұл- анық араб тілі
إِنَّ الَّذِينَ لَا يُؤْمِنُونَ بِآيَاتِ اللَّهِ لَا يَهْدِيهِمُ اللَّهُ وَلَهُمْ عَذَابٌ أَلِيمٌ
Ақиқатында, Аллаһтың аяттарына сенбейтіндерді Аллаһ тура жолға салмайды әрі оларға күйзелтуші азап бар
إِنَّمَا يَفْتَرِي الْكَذِبَ الَّذِينَ لَا يُؤْمِنُونَ بِآيَاتِ اللَّهِ ۖ وَأُولَٰئِكَ هُمُ الْكَاذِبُونَ
Өтірікті Аллаһтың аяттарына сенбейтіндер ғана ойдан шығарады. Міне, солар нағыз өтірікші, суайттар
مَنْ كَفَرَ بِاللَّهِ مِنْ بَعْدِ إِيمَانِهِ إِلَّا مَنْ أُكْرِهَ وَقَلْبُهُ مُطْمَئِنٌّ بِالْإِيمَانِ وَلَٰكِنْ مَنْ شَرَحَ بِالْكُفْرِ صَدْرًا فَعَلَيْهِمْ غَضَبٌ مِنَ اللَّهِ وَلَهُمْ عَذَابٌ عَظِيمٌ
Кім иманға келгеннен кейін, Аллаһқа күпірлік етсе қарсы шықса , ал, біреудің мәжбүрлеуіне ұшырап тілімен бас тартып , бірақ жүрегі иманға орнықты болғандар бұған кірмейді -әрі кім күпірлікке имансыздыққа көкірегін ашса, соларға Аллаһтың қаһары әрі үлкен азабы болады

Choose other languages: