Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Qasas Ayahs #85 Translated in Kazakh

فَخَسَفْنَا بِهِ وَبِدَارِهِ الْأَرْضَ فَمَا كَانَ لَهُ مِنْ فِئَةٍ يَنْصُرُونَهُ مِنْ دُونِ اللَّهِ وَمَا كَانَ مِنَ الْمُنْتَصِرِينَ
Сонда Біз оны және оның үй-жайын жерге жұтқыздық. Оны Аллаһтан құтқаратын ешбір топ болмады әрі ол өз-өзін де құтқара алмады
وَأَصْبَحَ الَّذِينَ تَمَنَّوْا مَكَانَهُ بِالْأَمْسِ يَقُولُونَ وَيْكَأَنَّ اللَّهَ يَبْسُطُ الرِّزْقَ لِمَنْ يَشَاءُ مِنْ عِبَادِهِ وَيَقْدِرُ ۖ لَوْلَا أَنْ مَنَّ اللَّهُ عَلَيْنَا لَخَسَفَ بِنَا ۖ وَيْكَأَنَّهُ لَا يُفْلِحُ الْكَافِرُونَ
Кеше ғана оның орнында болуды көксегендер ертесіне: «Міне, ғажап! Аллаһ ризықты құлдарынан қалағанына кеңітіп және тарылтып қояды екен. Егер Аллаһ бізге игілік етпегенде, бізді де жерге жұтқызар еді. Иә, солай, кәпірлер мұратқа жетпейді екен»,- деді
تِلْكَ الدَّارُ الْآخِرَةُ نَجْعَلُهَا لِلَّذِينَ لَا يُرِيدُونَ عُلُوًّا فِي الْأَرْضِ وَلَا فَسَادًا ۚ وَالْعَاقِبَةُ لِلْمُتَّقِينَ
Міне, бұл соңғы, мәңгілік өмір ақирет тұрағы. Біз оны жер бетінде өзін жоғары қоюды және бұзу-бүлдірушілікті қаламайтындарға береміз. Ал, нәтиже тақуалардікіАллаһтың жазасынан қорқып, сақтанғандардікі
مَنْ جَاءَ بِالْحَسَنَةِ فَلَهُ خَيْرٌ مِنْهَا ۖ وَمَنْ جَاءَ بِالسَّيِّئَةِ فَلَا يُجْزَى الَّذِينَ عَمِلُوا السَّيِّئَاتِ إِلَّا مَا كَانُوا يَعْمَلُونَ
Кім жақсылықпен келсе, ол үшін одан да қайырлысы бар. Ал кім жамандықпен келсе, жамандық істегендерге жасаған істерінің ғана қайтарымы беріледі
إِنَّ الَّذِي فَرَضَ عَلَيْكَ الْقُرْآنَ لَرَادُّكَ إِلَىٰ مَعَادٍ ۚ قُلْ رَبِّي أَعْلَمُ مَنْ جَاءَ بِالْهُدَىٰ وَمَنْ هُوَ فِي ضَلَالٍ مُبِينٍ
Ей, Мұхаммед! Кім саған Құранды жеткізуді міндеттесе, Сол сені қайтар орынға қайтарады. Айт: «Раббым кімнің тура жолды көрсететін басшылықпенкелгенін және кімнің анық адасуда екенін жақсы біледі», деп

Choose other languages: