Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Qasas Ayahs #61 Translated in Kazakh

وَقَالُوا إِنْ نَتَّبِعِ الْهُدَىٰ مَعَكَ نُتَخَطَّفْ مِنْ أَرْضِنَا ۚ أَوَلَمْ نُمَكِّنْ لَهُمْ حَرَمًا آمِنًا يُجْبَىٰ إِلَيْهِ ثَمَرَاتُ كُلِّ شَيْءٍ رِزْقًا مِنْ لَدُنَّا وَلَٰكِنَّ أَكْثَرَهُمْ لَا يَعْلَمُونَ
Әрі олар меккеліктер : «Егер біз сенімен бірге тура жолға ерсек, онда жерімізден ұсталып әкетілеміз», дейді. Біз оларды Бізден ризық ретінде әрбір нәрсенің өнімдері жиналатын осы қасиетті әрі қауіпсіз орынға орналастырып бекітпедік пе? Бірақ олардың көбі білмейді
وَكَمْ أَهْلَكْنَا مِنْ قَرْيَةٍ بَطِرَتْ مَعِيشَتَهَا ۖ فَتِلْكَ مَسَاكِنُهُمْ لَمْ تُسْكَنْ مِنْ بَعْدِهِمْ إِلَّا قَلِيلًا ۖ وَكُنَّا نَحْنُ الْوَارِثِينَ
Өздеріне берілген тіршілікке масайраған қаншама елді мекендерді жойып жібердік. Міне, олардың қоныстары, олардан кейін онда ешкім тұрмайды, тек олардың азы ғана болмаса. Әрі соңында бәрі Бізге қалады
وَمَا كَانَ رَبُّكَ مُهْلِكَ الْقُرَىٰ حَتَّىٰ يَبْعَثَ فِي أُمِّهَا رَسُولًا يَتْلُو عَلَيْهِمْ آيَاتِنَا ۚ وَمَا كُنَّا مُهْلِكِي الْقُرَىٰ إِلَّا وَأَهْلُهَا ظَالِمُونَ
Ей, Мұхаммед! Раббың елді мекендердің анасына Меккеге , аяттарымызды оқитын Елші жібермейінше, оларды жоюшы емес. Біз тек халқы әділетсіз болған елді мекендерді ғана жойдық
وَمَا أُوتِيتُمْ مِنْ شَيْءٍ فَمَتَاعُ الْحَيَاةِ الدُّنْيَا وَزِينَتُهَا ۚ وَمَا عِنْدَ اللَّهِ خَيْرٌ وَأَبْقَىٰ ۚ أَفَلَا تَعْقِلُونَ
Сендерге берілгендердің барлығы бар болғаны осы өмірде пайдаланатын нәрселер әрі оның сәні ғана. Ал Аллаһтағы қайырлы әрі тұрақты. Ақылдарыңды істетіп ұғынбайсыңдар ма
أَفَمَنْ وَعَدْنَاهُ وَعْدًا حَسَنًا فَهُوَ لَاقِيهِ كَمَنْ مَتَّعْنَاهُ مَتَاعَ الْحَيَاةِ الدُّنْيَا ثُمَّ هُوَ يَوْمَ الْقِيَامَةِ مِنَ الْمُحْضَرِينَ
Біз өзіне көркем уәде беріп, әрі оған кездесетін бір адам, Біз оны осы өмірдің қызығына кенелтіп, ал кейін Қайта тірілу күні жазаға келтірілетіндердің қатарындағы біреумен тең бе

Choose other languages: