Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Qasas Ayahs #6 Translated in Kazakh

تِلْكَ آيَاتُ الْكِتَابِ الْمُبِينِ
Бұл анық Кітаптың аяттары
نَتْلُو عَلَيْكَ مِنْ نَبَإِ مُوسَىٰ وَفِرْعَوْنَ بِالْحَقِّ لِقَوْمٍ يُؤْمِنُونَ
Ей, Мұхаммед! Біз сенетін адамдар үшін саған Мұса мен Фиръаунның хабарынан ақиқат бойынша оқып береміз
إِنَّ فِرْعَوْنَ عَلَا فِي الْأَرْضِ وَجَعَلَ أَهْلَهَا شِيَعًا يَسْتَضْعِفُ طَائِفَةً مِنْهُمْ يُذَبِّحُ أَبْنَاءَهُمْ وَيَسْتَحْيِي نِسَاءَهُمْ ۚ إِنَّهُ كَانَ مِنَ الْمُفْسِدِينَ
Негізінде, Фиръаун жер бетінде өз елінде өзін жоғары қойып, оның халқын бөлді. Ол Фиръаун олардың бір тобын езгіге салып, ұлдарын бауыздап, ал әйелдерін тірі қалдыратын еді. Ақиқатында, ол бұзушы-бүлдірушілерден болды
وَنُرِيدُ أَنْ نَمُنَّ عَلَى الَّذِينَ اسْتُضْعِفُوا فِي الْأَرْضِ وَنَجْعَلَهُمْ أَئِمَّةً وَنَجْعَلَهُمُ الْوَارِثِينَ
Ал, Біз ол жерде Мысырда әлсіз болғандарға игілік көрсетуді, оларды жетекші етуді әрі мұрагерлер етуді қалаймыз
وَنُمَكِّنَ لَهُمْ فِي الْأَرْضِ وَنُرِيَ فِرْعَوْنَ وَهَامَانَ وَجُنُودَهُمَا مِنْهُمْ مَا كَانُوا يَحْذَرُونَ
сондай-ақ оларға ол жерде билік беруді әрі Фиръаун мен Һаманға және екеуінің әскеріне олардың қорқып, сақтанған қауіптенген нәрселерін көрсетуді

Choose other languages: