Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Qasas Ayahs #27 Translated in Kazakh

وَلَمَّا وَرَدَ مَاءَ مَدْيَنَ وَجَدَ عَلَيْهِ أُمَّةً مِنَ النَّاسِ يَسْقُونَ وَوَجَدَ مِنْ دُونِهِمُ امْرَأَتَيْنِ تَذُودَانِ ۖ قَالَ مَا خَطْبُكُمَا ۖ قَالَتَا لَا نَسْقِي حَتَّىٰ يُصْدِرَ الرِّعَاءُ ۖ وَأَبُونَا شَيْخٌ كَبِيرٌ
Ол мәдияндықтардың суатына келген кезде, оның басында мал суғарып жүрген бір топ адамдарды кездестірді. Әрі олардан басқа, қойларын қайырып, оқшауланып тұрған екі әйелді көрді. Ол: «Сендер не істеп тұрсыңдар?» деді. Ол екеуі: «Біз бақташылар суғарып болғанға дейін су ала алмаймыз. Ал, әкеміз жасы үлкен қария», деді
فَسَقَىٰ لَهُمَا ثُمَّ تَوَلَّىٰ إِلَى الظِّلِّ فَقَالَ رَبِّ إِنِّي لِمَا أَنْزَلْتَ إِلَيَّ مِنْ خَيْرٍ فَقِيرٌ
Сонда ол екеуіне қойларын суғарып берді. Кейін көлеңкеге қайтты да: «Раббым! Ақиқатында мен Өзің маған түсірген кез келген жақсылыққа мұқтажбын»,- деді
فَجَاءَتْهُ إِحْدَاهُمَا تَمْشِي عَلَى اسْتِحْيَاءٍ قَالَتْ إِنَّ أَبِي يَدْعُوكَ لِيَجْزِيَكَ أَجْرَ مَا سَقَيْتَ لَنَا ۚ فَلَمَّا جَاءَهُ وَقَصَّ عَلَيْهِ الْقَصَصَ قَالَ لَا تَخَفْ ۖ نَجَوْتَ مِنَ الْقَوْمِ الظَّالِمِينَ
Сонда оған екі әйелдің бірі ұялған халде келіп: «Бізге қойларды суғарып бергенің үшін әкем сені ақы беруге шақырып жатыр», деді. Ол оған келген соң, болған оқиғаны баяндап берді. Ол қыздардың әкесі : «Қорықпа! Сен әділетсіз адамдардан құтылдың»,- деді
قَالَتْ إِحْدَاهُمَا يَا أَبَتِ اسْتَأْجِرْهُ ۖ إِنَّ خَيْرَ مَنِ اسْتَأْجَرْتَ الْقَوِيُّ الْأَمِينُ
Екі әйелдің бірі: «Уа, әкетайым! Оны жалдап жұмысқа ал. Өйткені жалдап алғандарыңның ең қайырлысы күшті әрі сенімді болғаны»,- деді
قَالَ إِنِّي أُرِيدُ أَنْ أُنْكِحَكَ إِحْدَى ابْنَتَيَّ هَاتَيْنِ عَلَىٰ أَنْ تَأْجُرَنِي ثَمَانِيَ حِجَجٍ ۖ فَإِنْ أَتْمَمْتَ عَشْرًا فَمِنْ عِنْدِكَ ۖ وَمَا أُرِيدُ أَنْ أَشُقَّ عَلَيْكَ ۚ سَتَجِدُنِي إِنْ شَاءَ اللَّهُ مِنَ الصَّالِحِينَ
Ол әкесі : «Сен маған сегіз жыл жұмыс істеп беретін болсаң, мына екі қызымның біріне сені үйлендіргім келеді. Егер он жылға толтырсаң, онда ол өзіңнен бір қайыр . саған бір ауыртпашылық түсіруді қаламаймын. Инша Аллаһ Аллаһ қаласа , менің түзулерден екенімді көресің», деді

Choose other languages: