Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Mumenoon Ayahs #54 Translated in Kazakh

وَجَعَلْنَا ابْنَ مَرْيَمَ وَأُمَّهُ آيَةً وَآوَيْنَاهُمَا إِلَىٰ رَبْوَةٍ ذَاتِ قَرَارٍ وَمَعِينٍ
Сондай-ақ Мәриямның ұлы мен оның анасын бір белгі-мұғжиза еттік. Әрі ол екеуіне бұлағы бар жайлы төбелі жерден пана бердік
يَا أَيُّهَا الرُّسُلُ كُلُوا مِنَ الطَّيِّبَاتِ وَاعْمَلُوا صَالِحًا ۖ إِنِّي بِمَا تَعْمَلُونَ عَلِيمٌ
Ей, елшілер! Таза халал нәрселерден жеңдер және ізгі амал істеңдер. Ақиқатында, Мен не істеп жатқандарыңды Білушімін
وَإِنَّ هَٰذِهِ أُمَّتُكُمْ أُمَّةً وَاحِدَةً وَأَنَا رَبُّكُمْ فَاتَّقُونِ
Негізінде сендердің үмметтерің бір үммет, ал Мен сендердің Раббыңмын, сондықтан тақуалық етіңдер Менің жазамнан қорқып, сақтаныңдар
فَتَقَطَّعُوا أَمْرَهُمْ بَيْنَهُمْ زُبُرًا ۖ كُلُّ حِزْبٍ بِمَا لَدَيْهِمْ فَرِحُونَ
Ал, олар имансыздар араларында істерін діндерін бөліктерге бөлді. Әрбір бөлінген ағым өздеріндегіге мәз болуда
فَذَرْهُمْ فِي غَمْرَتِهِمْ حَتَّىٰ حِينٍ
Оларды бір мерзімге дейін адасуларында қалдыр

Choose other languages: