Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Mulk Ayahs #26 Translated in Kazakh

أَفَمَنْ يَمْشِي مُكِبًّا عَلَىٰ وَجْهِهِ أَهْدَىٰ أَمَّنْ يَمْشِي سَوِيًّا عَلَىٰ صِرَاطٍ مُسْتَقِيمٍ
Жүзімен жер сүзіп жүрген тура жолда ма, әлде түзу жолда еңсесін тіктеп жүрген бе
قُلْ هُوَ الَّذِي أَنْشَأَكُمْ وَجَعَلَ لَكُمُ السَّمْعَ وَالْأَبْصَارَ وَالْأَفْئِدَةَ ۖ قَلِيلًا مَا تَشْكُرُونَ
Ей, Мұхаммед! Айт: «Ол сендерді жоқтан бар етті және сендерге естуді, көруді және жүректерді берді. Сендер өте аз шүкір етесіңдер Аллаһтың берген игіліктеріне тым аз алғыс білдіресіңдер », деп
قُلْ هُوَ الَّذِي ذَرَأَكُمْ فِي الْأَرْضِ وَإِلَيْهِ تُحْشَرُونَ
Айт: «Сендерді жер бетіне таратқан Сол Аллаһ , әрі сендер Оған жиналасыңдар», деп
وَيَقُولُونَ مَتَىٰ هَٰذَا الْوَعْدُ إِنْ كُنْتُمْ صَادِقِينَ
Олар сенбейтіндер : «Егер шын сөзді болсаңдар, бұл уәде қашан келеді ?»- дейді
قُلْ إِنَّمَا الْعِلْمُ عِنْدَ اللَّهِ وَإِنَّمَا أَنَا نَذِيرٌ مُبِينٌ
Ей, Мұхаммед!! Айт: «Шын мәнінде ол жайлы білім тек Аллаһта. Ал, мен анық ескертуші ғанамын», деп

Choose other languages: