Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Maeda Ayahs #83 Translated in Kazakh

كَانُوا لَا يَتَنَاهَوْنَ عَنْ مُنْكَرٍ فَعَلُوهُ ۚ لَبِئْسَ مَا كَانُوا يَفْعَلُونَ
Олар бір-бірін теріс істерінен қайтармайтын еді. Олардың істегендері өте жаман
تَرَىٰ كَثِيرًا مِنْهُمْ يَتَوَلَّوْنَ الَّذِينَ كَفَرُوا ۚ لَبِئْسَ مَا قَدَّمَتْ لَهُمْ أَنْفُسُهُمْ أَنْ سَخِطَ اللَّهُ عَلَيْهِمْ وَفِي الْعَذَابِ هُمْ خَالِدُونَ
Сен олардың иудейлердің көбінің күпірлік етушілерді Аллаһқа серік қосушыларды дос, жақтас тұтатынын көресің. Олардың өздері үшін алдын ала дайындағаны өте жаман, Аллаһ оларға сол үшін ашуланды әрі олар азапта мәңгі қалады
وَلَوْ كَانُوا يُؤْمِنُونَ بِاللَّهِ وَالنَّبِيِّ وَمَا أُنْزِلَ إِلَيْهِ مَا اتَّخَذُوهُمْ أَوْلِيَاءَ وَلَٰكِنَّ كَثِيرًا مِنْهُمْ فَاسِقُونَ
Егер де олар Аллаһқа және Пайғамбар мен оған түсірілгенге Құранға сенгенде, оларды дос, жақтас тұтпас еді. Алайда, олардың көбі бұзықтар
لَتَجِدَنَّ أَشَدَّ النَّاسِ عَدَاوَةً لِلَّذِينَ آمَنُوا الْيَهُودَ وَالَّذِينَ أَشْرَكُوا ۖ وَلَتَجِدَنَّ أَقْرَبَهُمْ مَوَدَّةً لِلَّذِينَ آمَنُوا الَّذِينَ قَالُوا إِنَّا نَصَارَىٰ ۚ ذَٰلِكَ بِأَنَّ مِنْهُمْ قِسِّيسِينَ وَرُهْبَانًا وَأَنَّهُمْ لَا يَسْتَكْبِرُونَ
Ей, Мұхаммед! , сен анығында, иманға келгендерге дұшпандық етуде адамдардың ішіндегі ең қаттысы иудейлер мен мүшріктер Аллаһқа серік қосушылар екенін көресің. Ал, иманға келгендерге сүйіспеншілікте ең жақыны, олардың: «Біз насаралармыз христианбыз », дейтіндер екенін көресің. бұл олардың ішінде қиссистері дін ғалымдары және рухбандары тәркі дүниелік ғибадатшылдары болғандығы әрі олардың астамсынбаулары себебінен
وَإِذَا سَمِعُوا مَا أُنْزِلَ إِلَى الرَّسُولِ تَرَىٰ أَعْيُنَهُمْ تَفِيضُ مِنَ الدَّمْعِ مِمَّا عَرَفُوا مِنَ الْحَقِّ ۖ يَقُولُونَ رَبَّنَا آمَنَّا فَاكْتُبْنَا مَعَ الشَّاهِدِينَ
Олар христиандар Елшіге түсірілгенді Құранды тыңдаған кезде, шындықты танып, көздерінің жасқа толғанын көресің. Олар: «Раббымыз! Сендік, бізді куә болушылар қатарында жаза гөр

Choose other languages: