Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Kahf Ayahs #74 Translated in Kazakh

قَالَ فَإِنِ اتَّبَعْتَنِي فَلَا تَسْأَلْنِي عَنْ شَيْءٍ حَتَّىٰ أُحْدِثَ لَكَ مِنْهُ ذِكْرًا
Хидр : «Егер маған еріп жүретін болсаң, өзім саған айтып бергеніме дейін, менен еш нәрсе сұрама»,- деді
فَانْطَلَقَا حَتَّىٰ إِذَا رَكِبَا فِي السَّفِينَةِ خَرَقَهَا ۖ قَالَ أَخَرَقْتَهَا لِتُغْرِقَ أَهْلَهَا لَقَدْ جِئْتَ شَيْئًا إِمْرًا
Сөйтіп, екеуі жолға шықты. Бір кемеге мінгендерінде, ол Хидр оны тесті. Мұса : «Сен оның ішіндегілерді суға батыру үшін тестің бе? Негізінде сен айыпталған іс жасадың», деді
قَالَ أَلَمْ أَقُلْ إِنَّكَ لَنْ تَسْتَطِيعَ مَعِيَ صَبْرًا
Ол: «Сен менімен бірге сабырлық ете алмайсың деп айтпадым ба?» деді
قَالَ لَا تُؤَاخِذْنِي بِمَا نَسِيتُ وَلَا تُرْهِقْنِي مِنْ أَمْرِي عُسْرًا
Мұса : «Ұмытқаным үшін мені айыптама. Әрі маған бұл ісімде қиындық тудырма»,- деді
فَانْطَلَقَا حَتَّىٰ إِذَا لَقِيَا غُلَامًا فَقَتَلَهُ قَالَ أَقَتَلْتَ نَفْسًا زَكِيَّةً بِغَيْرِ نَفْسٍ لَقَدْ جِئْتَ شَيْئًا نُكْرًا
Сөйтіп олар жолға шықты. Олар бір баланы кездестірген кезде, ол Хидр оны өлтіріп тастады. Мұса : «Сен бір таза жанды кек қайтару үшін болмаса да өлтірдің бе? Негізінде сен өте теріс іс жасадың»,- деді

Choose other languages: