Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Kahf Ayahs #56 Translated in Kazakh

وَيَوْمَ يَقُولُ نَادُوا شُرَكَائِيَ الَّذِينَ زَعَمْتُمْ فَدَعَوْهُمْ فَلَمْ يَسْتَجِيبُوا لَهُمْ وَجَعَلْنَا بَيْنَهُمْ مَوْبِقًا
Сондай-ақ ол қайта тірілу күні Ол: «Өздерің Маған серік деп санағандарыңды шақырыңдар», дейді. Сонда олар серік еткендерін шақырады, алайда табынғандары Оларға жауап бермейді. Біз олардың арасына жойылатын орын жасаймыз
وَرَأَى الْمُجْرِمُونَ النَّارَ فَظَنُّوا أَنَّهُمْ مُوَاقِعُوهَا وَلَمْ يَجِدُوا عَنْهَا مَصْرِفًا
Әрі қылмыскерлер Отты көріп, өздерінің оған түсетіндіктеріне көздері жетеді. Сондай-ақ, олар одан құтылар жол таба алмайды
وَلَقَدْ صَرَّفْنَا فِي هَٰذَا الْقُرْآنِ لِلنَّاسِ مِنْ كُلِّ مَثَلٍ ۚ وَكَانَ الْإِنْسَانُ أَكْثَرَ شَيْءٍ جَدَلًا
Біз бұл Құранда адамдарға әрбір мысалды жан-жақты етіп, анықтап түсіндірдік. Ал, адам бәрінен көп таласушы-керісшіл
وَمَا مَنَعَ النَّاسَ أَنْ يُؤْمِنُوا إِذْ جَاءَهُمُ الْهُدَىٰ وَيَسْتَغْفِرُوا رَبَّهُمْ إِلَّا أَنْ تَأْتِيَهُمْ سُنَّةُ الْأَوَّلِينَ أَوْ يَأْتِيَهُمُ الْعَذَابُ قُبُلًا
Адамдарға тура жол келген кезде олардың иманға келулеріне және өздерінің Раббысынан кешірім тілеулеріне бұрынғылардың жолымен жүруі не олардың азап­ты алдарынан келуін күтулері ғана кедергі болды
وَمَا نُرْسِلُ الْمُرْسَلِينَ إِلَّا مُبَشِّرِينَ وَمُنْذِرِينَ ۚ وَيُجَادِلُ الَّذِينَ كَفَرُوا بِالْبَاطِلِ لِيُدْحِضُوا بِهِ الْحَقَّ ۖ وَاتَّخَذُوا آيَاتِي وَمَا أُنْذِرُوا هُزُوًا
Әрі Біз елшілерді қуандырушы және ескертуші етіп қана жібереміз. Ал, сондай күпірлік етушілер иманнан бас тартқандар ақиқатты жоққа шығару үшін жалғанның көмегімен дауласады. Олар Менің аят-белгілерімді және өздеріне ескертілгендерді келеке етеді

Choose other languages: