Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Hajj Ayahs #70 Translated in Kazakh

وَهُوَ الَّذِي أَحْيَاكُمْ ثُمَّ يُمِيتُكُمْ ثُمَّ يُحْيِيكُمْ ۗ إِنَّ الْإِنْسَانَ لَكَفُورٌ
Әрі Ол сондай -сендерге өмір береді, кейін жандарыңды алады, содан кейін қайтатірілтеді. Негізінде адам баласы шүкіршілік етпеуші игіліктерге алғыс білдірмеуші
لِكُلِّ أُمَّةٍ جَعَلْنَا مَنْسَكًا هُمْ نَاسِكُوهُ ۖ فَلَا يُنَازِعُنَّكَ فِي الْأَمْرِ ۚ وَادْعُ إِلَىٰ رَبِّكَ ۖ إِنَّكَ لَعَلَىٰ هُدًى مُسْتَقِيمٍ
Біз әрбір пайғамбар жіберілген үммет үшін олар ұстанатын құлшылық ету ереже-қағидаларын белгіледік. Ей, Мұхаммед! Сондықтан олар бұл мәселе жайында сенімен таласпасын. Адамдарды Раббыңа шақыр. Ақиқатында сен тура жолдасың
وَإِنْ جَادَلُوكَ فَقُلِ اللَّهُ أَعْلَمُ بِمَا تَعْمَلُونَ
Ал егер олар сенімен тартысса: «Аллаһ не істеп жатқандарыңды жақсы біледі
اللَّهُ يَحْكُمُ بَيْنَكُمْ يَوْمَ الْقِيَامَةِ فِيمَا كُنْتُمْ فِيهِ تَخْتَلِفُونَ
Қайта тірілу күні Аллаһ қайшылыққа түскен нәрселерің жайында араларыңа үкім шығарады»,- де
أَلَمْ تَعْلَمْ أَنَّ اللَّهَ يَعْلَمُ مَا فِي السَّمَاءِ وَالْأَرْضِ ۗ إِنَّ ذَٰلِكَ فِي كِتَابٍ ۚ إِنَّ ذَٰلِكَ عَلَى اللَّهِ يَسِيرٌ
Аллаһтың аспан мен жердегінің барлығын білетінін сен білмейсің бе? Ақиқатында бұл Кітапта бар. Шын мәнінде бұл Аллаһқа жеңіл

Choose other languages: