Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Hajj Ayahs #23 Translated in Kazakh

هَٰذَانِ خَصْمَانِ اخْتَصَمُوا فِي رَبِّهِمْ ۖ فَالَّذِينَ كَفَرُوا قُطِّعَتْ لَهُمْ ثِيَابٌ مِنْ نَارٍ يُصَبُّ مِنْ فَوْقِ رُءُوسِهِمُ الْحَمِيمُ
Міне, екі жақ өздерінің Раббысы жайында тартысты. Сондай күпірлік етушілер үшін имансыздарға, қарсы келушілерге оттан киім пішіледі, бастарының үстінен қайнап тұрған су құйылады
يُصْهَرُ بِهِ مَا فِي بُطُونِهِمْ وَالْجُلُودُ
Одан олардың ішкі ағзалары мен терілері ерітіледі
وَلَهُمْ مَقَامِعُ مِنْ حَدِيدٍ
Әрі олар үшін темірден шоқпарлар бар
كُلَّمَا أَرَادُوا أَنْ يَخْرُجُوا مِنْهَا مِنْ غَمٍّ أُعِيدُوا فِيهَا وَذُوقُوا عَذَابَ الْحَرِيقِ
Олар әр кез ондағы қайғы-қасіреттен шығуды қаласа, оған кері қайтарылады. Оларға: «Өртеуші оттың азабын татыңдар»,- делінеді
إِنَّ اللَّهَ يُدْخِلُ الَّذِينَ آمَنُوا وَعَمِلُوا الصَّالِحَاتِ جَنَّاتٍ تَجْرِي مِنْ تَحْتِهَا الْأَنْهَارُ يُحَلَّوْنَ فِيهَا مِنْ أَسَاوِرَ مِنْ ذَهَبٍ وَلُؤْلُؤًا ۖ وَلِبَاسُهُمْ فِيهَا حَرِيرٌ
Күмәнсіз, Аллаһ иманға келген және ізгі амал жасағандарды астынан өзендер ағып жататын Жәннаттағы бақтарға кіргізеді. Олар онда алтын білезіктер және інжумен безендіріледі. Ал ондағы киімдері жібектен болады

Choose other languages: