Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Furqan Ayahs #11 Translated in Kazakh

وَقَالُوا مَالِ هَٰذَا الرَّسُولِ يَأْكُلُ الطَّعَامَ وَيَمْشِي فِي الْأَسْوَاقِ ۙ لَوْلَا أُنْزِلَ إِلَيْهِ مَلَكٌ فَيَكُونَ مَعَهُ نَذِيرًا
Әрі олар: «Тамақ жейтін және базарларда жүретін бұл неғылған Елші? Оған бір періште түсіріліп әрі ол онымен бірге ескертуші болса еді
أَوْ يُلْقَىٰ إِلَيْهِ كَنْزٌ أَوْ تَكُونُ لَهُ جَنَّةٌ يَأْكُلُ مِنْهَا ۚ وَقَالَ الظَّالِمُونَ إِنْ تَتَّبِعُونَ إِلَّا رَجُلًا مَسْحُورًا
Немесе оған бір қазына тасталмай ма? Не оның бір бағы болып, ол одан өзі жесе еді?» -деді. Әрі әділетсіздер: «Сендер сиқырланған бір адамға ғана еріп жүрсіңдер», деді
انْظُرْ كَيْفَ ضَرَبُوا لَكَ الْأَمْثَالَ فَضَلُّوا فَلَا يَسْتَطِيعُونَ سَبِيلًا
Ей, Мұхаммед! Қара! Олар саған мысалдарды қалай келтіреді. Олар осылай адасты, енді олар жол таба алмайды
تَبَارَكَ الَّذِي إِنْ شَاءَ جَعَلَ لَكَ خَيْرًا مِنْ ذَٰلِكَ جَنَّاتٍ تَجْرِي مِنْ تَحْتِهَا الْأَنْهَارُ وَيَجْعَلْ لَكَ قُصُورًا
Ол Аллаһ аса Берекелі, егер қаласа, саған бұдан олардың айтқанынан жақсысын -астынан өзендер ағып жататын бақтарды және сарайлар жасап береді
بَلْ كَذَّبُوا بِالسَّاعَةِ ۖ وَأَعْتَدْنَا لِمَنْ كَذَّبَ بِالسَّاعَةِ سَعِيرًا
Жоқ! Негізінде олар Сағатты Қияметті жалған санады. Ал Біз, Сағатты жалған деушілер үшін Саъирді әзірледік

Choose other languages: