Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Furqan Ayahs #72 Translated in Kazakh

وَالَّذِينَ لَا يَدْعُونَ مَعَ اللَّهِ إِلَٰهًا آخَرَ وَلَا يَقْتُلُونَ النَّفْسَ الَّتِي حَرَّمَ اللَّهُ إِلَّا بِالْحَقِّ وَلَا يَزْنُونَ ۚ وَمَنْ يَفْعَلْ ذَٰلِكَ يَلْقَ أَثَامًا
Және олар Аллаһпен қатар басқа құдайға жалбарынбайтындар, Аллаһ өлтіруге тыйым салған жанды өлтірмейтіндер, тек заңды түрде болмаса. Әрі зина жасамайтындар. Ал мұны істеген, қайтарым жазасын алады
يُضَاعَفْ لَهُ الْعَذَابُ يَوْمَ الْقِيَامَةِ وَيَخْلُدْ فِيهِ مُهَانًا
Оған Қайта тірілу күні азап бірнеше есе арттырылады әрі ол онда қор болып, мәңгілік қалады
إِلَّا مَنْ تَابَ وَآمَنَ وَعَمِلَ عَمَلًا صَالِحًا فَأُولَٰئِكَ يُبَدِّلُ اللَّهُ سَيِّئَاتِهِمْ حَسَنَاتٍ ۗ وَكَانَ اللَّهُ غَفُورًا رَحِيمًا
алайда, кім істеген күнәсіне шынайы өкініп, Аллаһқа бойсұнуға қайтса тәубе етсе әрі иманға келсе және ізгі амал жасаса, олар басқа. Аллаһ олардың жамандықтарын жақсылықтарға ауыстырады. Аллаһ өте Кешірімді , ерекше Мейірімді
وَمَنْ تَابَ وَعَمِلَ صَالِحًا فَإِنَّهُ يَتُوبُ إِلَى اللَّهِ مَتَابًا
Ал, кім күнәсіне шынайы өкініп, Аллаһқа бойсұнуға қайтса тәубеге келсе және ізгі амал жасаса, міне сол, шын мәнінде Аллаһқа қайтқан болады
وَالَّذِينَ لَا يَشْهَدُونَ الزُّورَ وَإِذَا مَرُّوا بِاللَّغْوِ مَرُّوا كِرَامًا
Әрі олар әр-Рахманның құлдары -/ өтірік нәрселерге қатыспайды және бос нәрселердің пайдасыз боссөздермен істердің жанынан өткенде, өз қадір-абыройын сақтап өтеді

Choose other languages: