Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Furqan Ayahs #53 Translated in Kazakh

لِنُحْيِيَ بِهِ بَلْدَةً مَيْتًا وَنُسْقِيَهُ مِمَّا خَلَقْنَا أَنْعَامًا وَأَنَاسِيَّ كَثِيرًا
онымен өлі аймақтарды тірілтіп және Өзіміз жаратқандардан көптеген малдар мен көптеген адамдарды сумен қамтамасыз етуіміз үшін
وَلَقَدْ صَرَّفْنَاهُ بَيْنَهُمْ لِيَذَّكَّرُوا فَأَبَىٰ أَكْثَرُ النَّاسِ إِلَّا كُفُورًا
Әрі олар еске алулары үшін, Біз оны жаңбыр суын араларына бөлдік. Бірақ адамдардың көпшілігі күпірліктен игіліктерді теріске шығарудан басқасын қаламайды
وَلَوْ شِئْنَا لَبَعَثْنَا فِي كُلِّ قَرْيَةٍ نَذِيرًا
Егер де қаласақ, әрбір елді мекенге ескертуші жіберетін едік
فَلَا تُطِعِ الْكَافِرِينَ وَجَاهِدْهُمْ بِهِ جِهَادًا كَبِيرًا
Ей, Мұхаммед! Сен кәпірлерге бағынба және олармен ол Құран арқылы үлкен күрес жүргіз
وَهُوَ الَّذِي مَرَجَ الْبَحْرَيْنِ هَٰذَا عَذْبٌ فُرَاتٌ وَهَٰذَا مِلْحٌ أُجَاجٌ وَجَعَلَ بَيْنَهُمَا بَرْزَخًا وَحِجْرًا مَحْجُورًا
Әрі Ол Аллаһ бірі сүйкімді тұщы, ал бірі тұзды ащы екі теңізді қосты және екеуінің арасына бөгет пен өте алмайтын тосқауыл орнатты

Choose other languages: