Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Fath Ayahs #29 Translated in Kazakh

لَقَدْ صَدَقَ اللَّهُ رَسُولَهُ الرُّؤْيَا بِالْحَقِّ ۖ لَتَدْخُلُنَّ الْمَسْجِدَ الْحَرَامَ إِنْ شَاءَ اللَّهُ آمِنِينَ مُحَلِّقِينَ رُءُوسَكُمْ وَمُقَصِّرِينَ لَا تَخَافُونَ ۖ فَعَلِمَ مَا لَمْ تَعْلَمُوا فَجَعَلَ مِنْ دُونِ ذَٰلِكَ فَتْحًا قَرِيبًا
Аллаһ Өз Елшісінің көргенін түсін ақиқатпен растады. Аллаһ қаласа, сендер әлбетте әл-Харам мешітіне қауіпсіз түрде, шаштарыңды қырған не қысқартқан күйі қорықпай кіресіңдер. Ол сендер білмегенді білді әрі алдын ала жақын бір жеңіс белгіледі
هُوَ الَّذِي أَرْسَلَ رَسُولَهُ بِالْهُدَىٰ وَدِينِ الْحَقِّ لِيُظْهِرَهُ عَلَى الدِّينِ كُلِّهِ ۚ وَكَفَىٰ بِاللَّهِ شَهِيدًا
Ол Өз елшісін тура жолды ұстану үшін басшылықпен және хақ дінмен, оны ислам дінін діндердің барлығынан үстем ету үшін жіберді. Аллаһ бәріне куә Шәһид ретінде жеткілікті
مُحَمَّدٌ رَسُولُ اللَّهِ ۚ وَالَّذِينَ مَعَهُ أَشِدَّاءُ عَلَى الْكُفَّارِ رُحَمَاءُ بَيْنَهُمْ ۖ تَرَاهُمْ رُكَّعًا سُجَّدًا يَبْتَغُونَ فَضْلًا مِنَ اللَّهِ وَرِضْوَانًا ۖ سِيمَاهُمْ فِي وُجُوهِهِمْ مِنْ أَثَرِ السُّجُودِ ۚ ذَٰلِكَ مَثَلُهُمْ فِي التَّوْرَاةِ ۚ وَمَثَلُهُمْ فِي الْإِنْجِيلِ كَزَرْعٍ أَخْرَجَ شَطْأَهُ فَآزَرَهُ فَاسْتَغْلَظَ فَاسْتَوَىٰ عَلَىٰ سُوقِهِ يُعْجِبُ الزُّرَّاعَ لِيَغِيظَ بِهِمُ الْكُفَّارَ ۗ وَعَدَ اللَّهُ الَّذِينَ آمَنُوا وَعَمِلُوا الصَّالِحَاتِ مِنْهُمْ مَغْفِرَةً وَأَجْرًا عَظِيمًا
Мұхаммед Аллаһтың елшісі. Онымен бірге болғандар кәпірлерге қатаң, ал бір-біріне мейірімді. Оларды рукуғ жасаған намазда иілген , сәжде еткен, Аллаһтан кеңшілік әрі ризалық іздеген түрде көресің. Олардың белгілері жүздеріндегі сәжделердің эсері. Олардың Тәураттағы сипаты осындай. Ал, олардың Інжілдегі мысалы тұқымнан бүршіктеніп шығып, сосын қуаттанып, жуандап, сабағында тік тұрып, егіншілерді сүйсіндіретін егін сияқты. Бұл кәпірлерді олармен ызаландыру үшін. Аллаһ олардың ішінен иманға келген әрі ізгі амал жасағандарға кешірім және ұлы сый жәннат уәде етті

Choose other languages: