Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Baqara Ayahs #32 Translated in Kazakh

كَيْفَ تَكْفُرُونَ بِاللَّهِ وَكُنْتُمْ أَمْوَاتًا فَأَحْيَاكُمْ ۖ ثُمَّ يُمِيتُكُمْ ثُمَّ يُحْيِيكُمْ ثُمَّ إِلَيْهِ تُرْجَعُونَ
Сендер Аллаһқа қалай күпірлік етесіңдер? Өлі жоқ едіңдер, Ол сендерді тірілтті. Кейін өлтіріп, тірілтеді, одан соң Оған қайтарыласыңдар
هُوَ الَّذِي خَلَقَ لَكُمْ مَا فِي الْأَرْضِ جَمِيعًا ثُمَّ اسْتَوَىٰ إِلَى السَّمَاءِ فَسَوَّاهُنَّ سَبْعَ سَمَاوَاتٍ ۚ وَهُوَ بِكُلِّ شَيْءٍ عَلِيمٌ
Ол Аллаһ сондай, сендер үшін жер бетіндегі барлық нәрселерді жаратқан. Кейін аспанға оны жаратуға назар аударып, оны жеті аспан етіп жасады. Ол барлық нәрсені Білуші
وَإِذْ قَالَ رَبُّكَ لِلْمَلَائِكَةِ إِنِّي جَاعِلٌ فِي الْأَرْضِ خَلِيفَةً ۖ قَالُوا أَتَجْعَلُ فِيهَا مَنْ يُفْسِدُ فِيهَا وَيَسْفِكُ الدِّمَاءَ وَنَحْنُ نُسَبِّحُ بِحَمْدِكَ وَنُقَدِّسُ لَكَ ۖ قَالَ إِنِّي أَعْلَمُ مَا لَا تَعْلَمُونَ
Кезінде Раббың періштелерге: «Мен жер бетінде бір халифа жасаймын!» деді. Періштелер: «Онда жерде бұзу-бүлдірушілік жасап, қан төгетін біреуді жасайсың ба? Ал, біз Сені мақтап, ұлықтаймыз және барлық кемшіліктен пәк деп білеміз», деді. Аллаһ: «Мен сендердің білмегендеріңді білемін!»-деді
وَعَلَّمَ آدَمَ الْأَسْمَاءَ كُلَّهَا ثُمَّ عَرَضَهُمْ عَلَى الْمَلَائِكَةِ فَقَالَ أَنْبِئُونِي بِأَسْمَاءِ هَٰؤُلَاءِ إِنْ كُنْتُمْ صَادِقِينَ
Әрі Ол Аллаһ , Адамға барлық атауларды үйретті, кейін оларды періштелерге көрсетіп: «Шын сөзді болсаңдар, Маған мыналардың осы нәрселердің аттарын айтып беріңдер», деді
قَالُوا سُبْحَانَكَ لَا عِلْمَ لَنَا إِلَّا مَا عَلَّمْتَنَا ۖ إِنَّكَ أَنْتَ الْعَلِيمُ الْحَكِيمُ
Олар: «Сен барлық кемшіліктен пәксің! Бізде, Сен үйреткеннен басқа білім жоқ. Шын мәнінде, Сен бәрін Білуші, аса Данасың!» деді

Choose other languages: