Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Baqara Ayahs #277 Translated in Kazakh

لِلْفُقَرَاءِ الَّذِينَ أُحْصِرُوا فِي سَبِيلِ اللَّهِ لَا يَسْتَطِيعُونَ ضَرْبًا فِي الْأَرْضِ يَحْسَبُهُمُ الْجَاهِلُ أَغْنِيَاءَ مِنَ التَّعَفُّفِ تَعْرِفُهُمْ بِسِيمَاهُمْ لَا يَسْأَلُونَ النَّاسَ إِلْحَافًا ۗ وَمَا تُنْفِقُوا مِنْ خَيْرٍ فَإِنَّ اللَّهَ بِهِ عَلِيمٌ
Қайыр-садақаны Аллаһ разы болатын іс-амалдармен айналысып, мұқтаждық көрген кедейлерге беріңдер . Олардың өзге жерге баруға шамалары келмейді, білмейтіндер оларды қанағатшылықтары себепті, бай деп есептейді. Оларды белгі-сипаттарынан танисың: олар адамдардан тілемсектеніп сұрамайды. жақсылықтан не жұмсасаңдар да сөзсіз, Аллаһ оны Білуші
الَّذِينَ يُنْفِقُونَ أَمْوَالَهُمْ بِاللَّيْلِ وَالنَّهَارِ سِرًّا وَعَلَانِيَةً فَلَهُمْ أَجْرُهُمْ عِنْدَ رَبِّهِمْ وَلَا خَوْفٌ عَلَيْهِمْ وَلَا هُمْ يَحْزَنُونَ
Мал-дүниелерін түнде де, күндіз де құпия және жария жұмсайтындардың сыйы олардың Раббысында. Оларға қорқыныш жоқ әрі олар қайғырмайды
الَّذِينَ يَأْكُلُونَ الرِّبَا لَا يَقُومُونَ إِلَّا كَمَا يَقُومُ الَّذِي يَتَخَبَّطُهُ الشَّيْطَانُ مِنَ الْمَسِّ ۚ ذَٰلِكَ بِأَنَّهُمْ قَالُوا إِنَّمَا الْبَيْعُ مِثْلُ الرِّبَا ۗ وَأَحَلَّ اللَّهُ الْبَيْعَ وَحَرَّمَ الرِّبَا ۚ فَمَنْ جَاءَهُ مَوْعِظَةٌ مِنْ رَبِّهِ فَانْتَهَىٰ فَلَهُ مَا سَلَفَ وَأَمْرُهُ إِلَى اللَّهِ ۖ وَمَنْ عَادَ فَأُولَٰئِكَ أَصْحَابُ النَّارِ ۖ هُمْ فِيهَا خَالِدُونَ
Өсім жейтіндер қияметте шайтан тиіп құтырған біреу секілді тұрады. Бұл олардың: «Сауда да өсім сияқты», деп айтқандықтары себебінен. Аллаһ саудаға рұқсат етіп, өсімге тыйым салды. Кімге Раббысынан ескерту жетіп, ол өсім алудан тыйылса, оған бұрынғы істегендері кешірім етіледі . Ал, ісі Аллаһқа тән. Ал кім өсімге қайтса, міне, солар Отта тозақта болатындар. Олар онда мәңгі қалушы
يَمْحَقُ اللَّهُ الرِّبَا وَيُرْبِي الصَّدَقَاتِ ۗ وَاللَّهُ لَا يُحِبُّ كُلَّ كَفَّارٍ أَثِيمٍ
Аллаһ өсімді жойып, садақаларды өсіреді берекелі етеді . Аллаһ әрбір қатты күпірлік етушіні қарсылығы өте қатты күнәға батушыны жақсы көрмейді
إِنَّ الَّذِينَ آمَنُوا وَعَمِلُوا الصَّالِحَاتِ وَأَقَامُوا الصَّلَاةَ وَآتَوُا الزَّكَاةَ لَهُمْ أَجْرُهُمْ عِنْدَ رَبِّهِمْ وَلَا خَوْفٌ عَلَيْهِمْ وَلَا هُمْ يَحْزَنُونَ
Ақиқатында, иманға келген және ізгі амал жасағандардың, намазды барлық шарттарын сақтап, беріле! толық орындағандардың және зекетті бергендердің сыйы олардың Раббысында. Оларға қорқыныш жоқ әрі олар қайғырмайды

Choose other languages: