Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Baqara Ayahs #103 Translated in Kazakh

وَلَقَدْ أَنْزَلْنَا إِلَيْكَ آيَاتٍ بَيِّنَاتٍ ۖ وَمَا يَكْفُرُ بِهَا إِلَّا الْفَاسِقُونَ
Ей, Мұхаммед! Ақиқатында, Біз саған анық аяттарды түсірдік. Оған бұзықтар бойсұнбайтындар ғана күпірлік етеді сенбейді
أَوَكُلَّمَا عَاهَدُوا عَهْدًا نَبَذَهُ فَرِيقٌ مِنْهُمْ ۚ بَلْ أَكْثَرُهُمْ لَا يُؤْمِنُونَ
Әркез келісім түзгенде, олардан бір бөлігі оны келісімді тастамады ма? Негізінде, олардың көбі иманға келмейді
وَلَمَّا جَاءَهُمْ رَسُولٌ مِنْ عِنْدِ اللَّهِ مُصَدِّقٌ لِمَا مَعَهُمْ نَبَذَ فَرِيقٌ مِنَ الَّذِينَ أُوتُوا الْكِتَابَ كِتَابَ اللَّهِ وَرَاءَ ظُهُورِهِمْ كَأَنَّهُمْ لَا يَعْلَمُونَ
Ал оларға Аллаһтың тарапынан өздеріңдегінің Тәураттың хақ екендігін дәлелдеуші Елші келгенде, Кітап берілгендердің бір бөлігі ешнәрсе білмегендей, Аллаһтың кітабын Тәуратты арт жақтарына лақтырып тастады
وَاتَّبَعُوا مَا تَتْلُو الشَّيَاطِينُ عَلَىٰ مُلْكِ سُلَيْمَانَ ۖ وَمَا كَفَرَ سُلَيْمَانُ وَلَٰكِنَّ الشَّيَاطِينَ كَفَرُوا يُعَلِّمُونَ النَّاسَ السِّحْرَ وَمَا أُنْزِلَ عَلَى الْمَلَكَيْنِ بِبَابِلَ هَارُوتَ وَمَارُوتَ ۚ وَمَا يُعَلِّمَانِ مِنْ أَحَدٍ حَتَّىٰ يَقُولَا إِنَّمَا نَحْنُ فِتْنَةٌ فَلَا تَكْفُرْ ۖ فَيَتَعَلَّمُونَ مِنْهُمَا مَا يُفَرِّقُونَ بِهِ بَيْنَ الْمَرْءِ وَزَوْجِهِ ۚ وَمَا هُمْ بِضَارِّينَ بِهِ مِنْ أَحَدٍ إِلَّا بِإِذْنِ اللَّهِ ۚ وَيَتَعَلَّمُونَ مَا يَضُرُّهُمْ وَلَا يَنْفَعُهُمْ ۚ وَلَقَدْ عَلِمُوا لَمَنِ اشْتَرَاهُ مَا لَهُ فِي الْآخِرَةِ مِنْ خَلَاقٍ ۚ وَلَبِئْسَ مَا شَرَوْا بِهِ أَنْفُسَهُمْ ۚ لَوْ كَانُوا يَعْلَمُونَ
Әрі олар Сүлеймен патшалығы кезіндегі шайтандар оқыған нәрсеге сиқырға ерді. Сүлеймен күпірлік еткен сиқыр жасаған жоқ. Алайда адамдарға сиқырды және Бабылдағы һарұт пен Марұт есімді екі періштеге түсірілген нәрселерді үйреткен шайтандар күпірлік етті қарсы келді . Ал, ол екеуі періштелер : «Шын мәнінде, біз сен­дерге сынақ үшін жіберілгенбіз, күпірлік етпе сиқыр үйреніп, діннен шықпа », деп ескертіп, сақтандырмайынша, ешкімге сиқыр үйретпеді. Олар ол екеуінен ер кісі мен оның жұбайының арасын айыратынды үйренетін еді. Бірақ олар Аллаһтың рұқсатынсыз ешкімге зиян жеткізе алмайды. Негізінде, олар өздеріне зиян келтіретін әрі пайда бермейтін нәрселерді үйренетін еді. Олар оны сиқырды сатып алғанға, соңғы,мәңгілік өмірде ақиретте ешбір үлес жоқ екенін білді. Ақиқатында, олардың өз жандарын сатып, оның орнына алған нәрселері қандай жаман. Егер олар білсе
وَلَوْ أَنَّهُمْ آمَنُوا وَاتَّقَوْا لَمَثُوبَةٌ مِنْ عِنْدِ اللَّهِ خَيْرٌ ۖ لَوْ كَانُوا يَعْلَمُونَ
Егер де олар иманға келгенде және тақуалық еткенде Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтанғанда , Аллаһ тарапынан болатын сауап қайырлы еді. Егер олар білсе

Choose other languages: