Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Araf Ayahs #52 Translated in Kazakh

وَنَادَىٰ أَصْحَابُ الْأَعْرَافِ رِجَالًا يَعْرِفُونَهُمْ بِسِيمَاهُمْ قَالُوا مَا أَغْنَىٰ عَنْكُمْ جَمْعُكُمْ وَمَا كُنْتُمْ تَسْتَكْبِرُونَ
Ағрафтағылар (жәннат пен тозақтың арасындағы бөгет. Ол жерде әлі не Жәннатқа, не тозаққа кіретіні белгісіз адамдар тұрады. Олардың ізгі амалдарымен жаман істері тең) өздері белгілерінен та­нитын тозақтағы адамдарға дауыстап: «Сендерге өздеріңнің көптіктерің және менменсіп, өздеріңді жоғары санауларың пайда бермеді
أَهَٰؤُلَاءِ الَّذِينَ أَقْسَمْتُمْ لَا يَنَالُهُمُ اللَّهُ بِرَحْمَةٍ ۚ ادْخُلُوا الْجَنَّةَ لَا خَوْفٌ عَلَيْكُمْ وَلَا أَنْتُمْ تَحْزَنُونَ
Сендердің Аллаһтың мейірімі тимейді деп, ант ішкендерің осылар ма?» дейді./ Ағрафтықтарға : «жәннатқа кіріңдер. Сендерге қорқыныш жоқ әрі сендер қайғырмайсыңдар!» делінеді
وَنَادَىٰ أَصْحَابُ النَّارِ أَصْحَابَ الْجَنَّةِ أَنْ أَفِيضُوا عَلَيْنَا مِنَ الْمَاءِ أَوْ مِمَّا رَزَقَكُمُ اللَّهُ ۚ قَالُوا إِنَّ اللَّهَ حَرَّمَهُمَا عَلَى الْكَافِرِينَ
Оттағылар тозақтағылар Жәннаттықтарға: «Бізге судан төгіп немесе Аллаһ өздеріңе ризық етіп берген нәрселерден беріңдерші », деп дауыстайды. Олар жәннаттағылар : «Ақиқатында, Аллаһ бұл екеуін кәпірлер үшін тыйым салған
الَّذِينَ اتَّخَذُوا دِينَهُمْ لَهْوًا وَلَعِبًا وَغَرَّتْهُمُ الْحَيَاةُ الدُّنْيَا ۚ فَالْيَوْمَ نَنْسَاهُمْ كَمَا نَسُوا لِقَاءَ يَوْمِهِمْ هَٰذَا وَمَا كَانُوا بِآيَاتِنَا يَجْحَدُونَ
Олар діндерін ермек етті және ойынға айналдырды әрі оларды осы өмір алдады», дейді. Бүгін олар осы Күнге жолығудыұмытқандықтары секілді және аяттарымызды мойындамағандары үшін, Біз оларды үміт қалдырамыз тастаймыз
وَلَقَدْ جِئْنَاهُمْ بِكِتَابٍ فَصَّلْنَاهُ عَلَىٰ عِلْمٍ هُدًى وَرَحْمَةً لِقَوْمٍ يُؤْمِنُونَ
Әрі Біз оларға иманға келген адамдар үшін тура жолға басшылық әрі мейірім ретінде Кітап келтіріп, оны біліммен анықтап түсіндірдік

Choose other languages: