Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Araf Ayahs #21 Translated in Kazakh

ثُمَّ لَآتِيَنَّهُمْ مِنْ بَيْنِ أَيْدِيهِمْ وَمِنْ خَلْفِهِمْ وَعَنْ أَيْمَانِهِمْ وَعَنْ شَمَائِلِهِمْ ۖ وَلَا تَجِدُ أَكْثَرَهُمْ شَاكِرِينَ
Содан кейін оларға алдынан, артынан, оң жағынан және сол жағынан келемін. Сөйтіп, Сен олардың көпшілігін шүкір етушілер Раббыңның берген игіліктеріне разы болып, алғыс білдірушілер ретінде таппайсың», деді
قَالَ اخْرُجْ مِنْهَا مَذْءُومًا مَدْحُورًا ۖ لَمَنْ تَبِعَكَ مِنْهُمْ لَأَمْلَأَنَّ جَهَنَّمَ مِنْكُمْ أَجْمَعِينَ
Аллаһ айтты: «Одан айыпталған және қуылған түрде шық! Олардан адамдардан кім саған ерсе, міндетті түрде сендердің барлығыңмен Жаһаннамды (Тозақты) толтырамын», -деп
وَيَا آدَمُ اسْكُنْ أَنْتَ وَزَوْجُكَ الْجَنَّةَ فَكُلَا مِنْ حَيْثُ شِئْتُمَا وَلَا تَقْرَبَا هَٰذِهِ الشَّجَرَةَ فَتَكُونَا مِنَ الظَّالِمِينَ
Аллаһ айтты: «Ей, Адам! Сен және жұбайың Жәннатта орналасыңдар. Қалаған жерінен жеңдер, бірақ мына ағашқа жақындамаңдар, онда әділетсіздерден боласыңдар», деп
فَوَسْوَسَ لَهُمَا الشَّيْطَانُ لِيُبْدِيَ لَهُمَا مَا وُورِيَ عَنْهُمَا مِنْ سَوْآتِهِمَا وَقَالَ مَا نَهَاكُمَا رَبُّكُمَا عَنْ هَٰذِهِ الشَّجَرَةِ إِلَّا أَنْ تَكُونَا مَلَكَيْنِ أَوْ تَكُونَا مِنَ الْخَالِدِينَ
Сонда шайтан оларға жасырын етілген ұятты жерлерін ашып көрсету үшін екеуін азғырып: «Сендердің Раббың, сендерді періште болып кетпеулерің не болмаса мәңгі қалушылардан болмауларың үшін ғана мына ағаштан қайтарды», деді
وَقَاسَمَهُمَا إِنِّي لَكُمَا لَمِنَ النَّاصِحِينَ
Әрі ол екеуіне: «Мен сендерге шынайы кеңес берушілерденмін», деп ант ішті

Choose other languages: