Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Araf Ayahs #181 Translated in Kazakh

سَاءَ مَثَلًا الْقَوْمُ الَّذِينَ كَذَّبُوا بِآيَاتِنَا وَأَنْفُسَهُمْ كَانُوا يَظْلِمُونَ
Аят-белгілерімізді өтірік санаған және өздеріне-өздері әділетсіздік еткен адамдардың мысалы қандай жаман
مَنْ يَهْدِ اللَّهُ فَهُوَ الْمُهْتَدِي ۖ وَمَنْ يُضْلِلْ فَأُولَٰئِكَ هُمُ الْخَاسِرُونَ
Аллаһ кімді тура жолға салып жүргізсе, сол тура жолмен жүруші. Ал, кімді адастырса, міне, солар нағыз жеңіліске ұшыраушылар
وَلَقَدْ ذَرَأْنَا لِجَهَنَّمَ كَثِيرًا مِنَ الْجِنِّ وَالْإِنْسِ ۖ لَهُمْ قُلُوبٌ لَا يَفْقَهُونَ بِهَا وَلَهُمْ أَعْيُنٌ لَا يُبْصِرُونَ بِهَا وَلَهُمْ آذَانٌ لَا يَسْمَعُونَ بِهَا ۚ أُولَٰئِكَ كَالْأَنْعَامِ بَلْ هُمْ أَضَلُّ ۚ أُولَٰئِكَ هُمُ الْغَافِلُونَ
Ақиқатында, Біз Жаһаннам (Тозақ) үшін көп жын мен адамдарды жараттық. Олардың жүректері бар, олар онымен түсінбейді. Көздері бар, онымен көрмейді. Олардың құлақтары бар, ол арқылы естімейді. Олар мал тәрізді, жоқ одан да әрі. Міне, солар нағыз қаперсіздер
وَلِلَّهِ الْأَسْمَاءُ الْحُسْنَىٰ فَادْعُوهُ بِهَا ۖ وَذَرُوا الَّذِينَ يُلْحِدُونَ فِي أَسْمَائِهِ ۚ سَيُجْزَوْنَ مَا كَانُوا يَعْمَلُونَ
Ең көркем есімдер Аллаһтікі. Сол есімдері арқылы Одан тілеңдер. Оның есімдеріне қатысты ауытқығандарды қалдырып, тәрк етіңдер. Жақында оларға істеп өткен амалдарының қайтарымы беріледі
وَمِمَّنْ خَلَقْنَا أُمَّةٌ يَهْدُونَ بِالْحَقِّ وَبِهِ يَعْدِلُونَ
Жаратқандарымыздың ішінде ақиқат бойынша тура жолға бағыттайтын әрі онымен әділдік істейтін бір үммет бар

Choose other languages: