Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Araf Ayahs #105 Translated in Kazakh

تِلْكَ الْقُرَىٰ نَقُصُّ عَلَيْكَ مِنْ أَنْبَائِهَا ۚ وَلَقَدْ جَاءَتْهُمْ رُسُلُهُمْ بِالْبَيِّنَاتِ فَمَا كَانُوا لِيُؤْمِنُوا بِمَا كَذَّبُوا مِنْ قَبْلُ ۚ كَذَٰلِكَ يَطْبَعُ اللَّهُ عَلَىٰ قُلُوبِ الْكَافِرِينَ
Ей, Мұхаммед! Сол елді мекендердің кейбірінің хабарларын саған баян етеміз. Оларға елшілер анық дәлелдермен келген еді. Бірақ өздері бұрын өтірікке шығарғандарына олар сенбеді. Аллаһ кәпірлердің жүректерін осылай мөрлейді
وَمَا وَجَدْنَا لِأَكْثَرِهِمْ مِنْ عَهْدٍ ۖ وَإِنْ وَجَدْنَا أَكْثَرَهُمْ لَفَاسِقِينَ
Олардың көпшілігінің сертін сақтағанын таппадық. Әрі олардың көбінің бұзық бойсұнбаушы екенін көрдік
ثُمَّ بَعَثْنَا مِنْ بَعْدِهِمْ مُوسَىٰ بِآيَاتِنَا إِلَىٰ فِرْعَوْنَ وَمَلَئِهِ فَظَلَمُوا بِهَا ۖ فَانْظُرْ كَيْفَ كَانَ عَاقِبَةُ الْمُفْسِدِينَ
Кейін, олардан соң Мұсаны белгі-дәлелдерімізбен Фиръаунға және оның уәзір, бектеріне жібердік. Сонда олар ол белгілерге әділетсіздік істеді. Бұзу-бүлдірушілік істеушілердің соңы немен біткеніне назар сал
وَقَالَ مُوسَىٰ يَا فِرْعَوْنُ إِنِّي رَسُولٌ مِنْ رَبِّ الْعَالَمِينَ
Мұса: «Ей, Фиръаун! Ақиқатында, мен әлемдердің Раббысынан жіберілген Елшімін
حَقِيقٌ عَلَىٰ أَنْ لَا أَقُولَ عَلَى اللَّهِ إِلَّا الْحَقَّ ۚ قَدْ جِئْتُكُمْ بِبَيِّنَةٍ مِنْ رَبِّكُمْ فَأَرْسِلْ مَعِيَ بَنِي إِسْرَائِيلَ
Аллаһ жайлы ақиқатты ғана айтуға міндеттімін. Сендерге өздеріңнің Раббыңнан анық дәлел әкелдім. Исраил ұрпақтарын менімен бірге жібер», деді

Choose other languages: