Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Ankabut Ayahs #12 Translated in Kazakh

وَوَصَّيْنَا الْإِنْسَانَ بِوَالِدَيْهِ حُسْنًا ۖ وَإِنْ جَاهَدَاكَ لِتُشْرِكَ بِي مَا لَيْسَ لَكَ بِهِ عِلْمٌ فَلَا تُطِعْهُمَا ۚ إِلَيَّ مَرْجِعُكُمْ فَأُنَبِّئُكُمْ بِمَا كُنْتُمْ تَعْمَلُونَ
Әрі Біз адамға ата-анасына жақсылық істеуді өсиет етіп тапсырдық. Ал, егер ол екеуі өзің білмеген нәрсені Маған серік етіп қосуға күштесе, онда оларға бағынба. Қайтуларың Маған Маған қайтасыңдар . Сонда Мен сендерге не істеп өткендеріңнің хабарын беремін
وَالَّذِينَ آمَنُوا وَعَمِلُوا الصَّالِحَاتِ لَنُدْخِلَنَّهُمْ فِي الصَّالِحِينَ
Ал, иманға келген әрі ізгі амал істегендерді Біз ізгілердің қатарына кіргіземіз
وَمِنَ النَّاسِ مَنْ يَقُولُ آمَنَّا بِاللَّهِ فَإِذَا أُوذِيَ فِي اللَّهِ جَعَلَ فِتْنَةَ النَّاسِ كَعَذَابِ اللَّهِ وَلَئِنْ جَاءَ نَصْرٌ مِنْ رَبِّكَ لَيَقُولُنَّ إِنَّا كُنَّا مَعَكُمْ ۚ أَوَلَيْسَ اللَّهُ بِأَعْلَمَ بِمَا فِي صُدُورِ الْعَالَمِينَ
Адамдардың ішінде: «Аллаһқа сендік» -деп айтатындар бар. Бірақ, қашан ол Аллаһ жолында зиян көрсе, адамдардың бүлігін жамандығын Аллаһтың азабындай көреді. Ал, егер Раббыңнан бір жеңіс келсе, олар міндетті түрде: «Шын мәнінде, біз сендермен бірге болдық»,- дейді. Аллаһ әлемдердің көкіректеріндегіні жақсы біледі емес пе
وَلَيَعْلَمَنَّ اللَّهُ الَّذِينَ آمَنُوا وَلَيَعْلَمَنَّ الْمُنَافِقِينَ
Әрі әлбетте, Аллаһ иманға келгендерді де біледі әрі күмәнсіз, мұнафиқтарды да біледі
وَقَالَ الَّذِينَ كَفَرُوا لِلَّذِينَ آمَنُوا اتَّبِعُوا سَبِيلَنَا وَلْنَحْمِلْ خَطَايَاكُمْ وَمَا هُمْ بِحَامِلِينَ مِنْ خَطَايَاهُمْ مِنْ شَيْءٍ ۖ إِنَّهُمْ لَكَاذِبُونَ
Әрі күпірлік етушілер имансыздар имандыларға: «Біздің жолымызға еріқцер, сендердің күнәларыңды біз көтереміз», деді. Бірақ олар бұлардың күнәларынан ешнәрсені де көтермейді. Шын мәнінде, олар өтірікшілер

Choose other languages: