Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Ankabut Ayahs #15 Translated in Kazakh

وَلَيَعْلَمَنَّ اللَّهُ الَّذِينَ آمَنُوا وَلَيَعْلَمَنَّ الْمُنَافِقِينَ
Әрі әлбетте, Аллаһ иманға келгендерді де біледі әрі күмәнсіз, мұнафиқтарды да біледі
وَقَالَ الَّذِينَ كَفَرُوا لِلَّذِينَ آمَنُوا اتَّبِعُوا سَبِيلَنَا وَلْنَحْمِلْ خَطَايَاكُمْ وَمَا هُمْ بِحَامِلِينَ مِنْ خَطَايَاهُمْ مِنْ شَيْءٍ ۖ إِنَّهُمْ لَكَاذِبُونَ
Әрі күпірлік етушілер имансыздар имандыларға: «Біздің жолымызға еріқцер, сендердің күнәларыңды біз көтереміз», деді. Бірақ олар бұлардың күнәларынан ешнәрсені де көтермейді. Шын мәнінде, олар өтірікшілер
وَلَيَحْمِلُنَّ أَثْقَالَهُمْ وَأَثْقَالًا مَعَ أَثْقَالِهِمْ ۖ وَلَيُسْأَلُنَّ يَوْمَ الْقِيَامَةِ عَمَّا كَانُوا يَفْتَرُونَ
Олар өз жүктерін күнәларын әрі өз жүктерімен бірге басқа жүктерді де міндетті түрде көтереді. Әрі Қайта тірілу күні ойдан шығарғандары өтіріктері туралы олар міндетті түрде сұраққа тартылады
وَلَقَدْ أَرْسَلْنَا نُوحًا إِلَىٰ قَوْمِهِ فَلَبِثَ فِيهِمْ أَلْفَ سَنَةٍ إِلَّا خَمْسِينَ عَامًا فَأَخَذَهُمُ الطُّوفَانُ وَهُمْ ظَالِمُونَ
Әрі Біз Нұхты өзінің еліне жіберген едік. Ол олардың арасында елу жылы кем мың жыл болды. Кейін оларды әділетсіз болған халдерінде топан су алды
فَأَنْجَيْنَاهُ وَأَصْحَابَ السَّفِينَةِ وَجَعَلْنَاهَا آيَةً لِلْعَالَمِينَ
Сонда Біз оны әрі кемедегілерді құтқардық және мұны әлемдерге белгі-ғибрат еттік

Choose other languages: