Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Ankabut Ayahs #63 Translated in Kazakh

الَّذِينَ صَبَرُوا وَعَلَىٰ رَبِّهِمْ يَتَوَكَّلُونَ
Солар сабыр етушілер және өздерінің Раббысына жүгініп, Оған істерін тапсырушылар тәуекел етушілер
وَكَأَيِّنْ مِنْ دَابَّةٍ لَا تَحْمِلُ رِزْقَهَا اللَّهُ يَرْزُقُهَا وَإِيَّاكُمْ ۚ وَهُوَ السَّمِيعُ الْعَلِيمُ
Өз қорегін көтеріп жүрмейтін қаншамажан-жануар бар. Оларға және сендерге ризықты Аллаһ береді. Ол бәрін Естуші , барлық нәрсені Білуші
وَلَئِنْ سَأَلْتَهُمْ مَنْ خَلَقَ السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضَ وَسَخَّرَ الشَّمْسَ وَالْقَمَرَ لَيَقُولُنَّ اللَّهُ ۖ فَأَنَّىٰ يُؤْفَكُونَ
Егер олардан серік қосушылардан : «Аспандарды және жерді жаратқан әрі күн мен айды бағынышты етіп қойған кім?» деп сұрасаң, олар міндетті түрде: «Аллаһ», дейді. Олар қаншалықты теріс кеткендер
اللَّهُ يَبْسُطُ الرِّزْقَ لِمَنْ يَشَاءُ مِنْ عِبَادِهِ وَيَقْدِرُ لَهُ ۚ إِنَّ اللَّهَ بِكُلِّ شَيْءٍ عَلِيمٌ
Аллаһ құлдарының ішінен қалағанының ризығын кеңітіп және қалағанының ризығын шектеп қояды. Ақиқатында, Аллаһ барлық нәрсені Білуші
وَلَئِنْ سَأَلْتَهُمْ مَنْ نَزَّلَ مِنَ السَّمَاءِ مَاءً فَأَحْيَا بِهِ الْأَرْضَ مِنْ بَعْدِ مَوْتِهَا لَيَقُولُنَّ اللَّهُ ۚ قُلِ الْحَمْدُ لِلَّهِ ۚ بَلْ أَكْثَرُهُمْ لَا يَعْقِلُونَ
Егер олардан: «Аспаннан су түсіріп, ол арқылы тіршіліксіз қалған өлген жерді тірілткен кім?» деп сұрасаң: «Аллаһ»,- дейді. Сен: «Барлық мақтау Аллаһқа», де. Алайда олардың көпшілігі ақылдарын істетіп ұғынбайды

Choose other languages: