Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Ankabut Ayahs #7 Translated in Kazakh

وَلَقَدْ فَتَنَّا الَّذِينَ مِنْ قَبْلِهِمْ ۖ فَلَيَعْلَمَنَّ اللَّهُ الَّذِينَ صَدَقُوا وَلَيَعْلَمَنَّ الْكَاذِبِينَ
Біз оларға дейінгілерді де сынағанбыз. Күмәнсіз, Аллаһ шын сөзділерді біледі әрі Ол өтірікшілерді де біледі
أَمْ حَسِبَ الَّذِينَ يَعْمَلُونَ السَّيِّئَاتِ أَنْ يَسْبِقُونَا ۚ سَاءَ مَا يَحْكُمُونَ
Әлде жамандық істейтіндер Бізден озып құтылып кетеміз деп ойлады ма? Олардың шешімдері қандай жаман
مَنْ كَانَ يَرْجُو لِقَاءَ اللَّهِ فَإِنَّ أَجَلَ اللَّهِ لَآتٍ ۚ وَهُوَ السَّمِيعُ الْعَلِيمُ
Кім Аллаһпен жолығуды үміт етсе, сөзсіз, Аллаһтың белгілеген мерзімі келеді Ол барлық нәрсені Естуші , бәрін Білуші
وَمَنْ جَاهَدَ فَإِنَّمَا يُجَاهِدُ لِنَفْسِهِ ۚ إِنَّ اللَّهَ لَغَنِيٌّ عَنِ الْعَالَمِينَ
Ал, кім ынта-жігерімен әрекет етсе, өзі үшін ынталанған болады. Ақиқатында, Аллаһ- әлемдерден Бай, мұқтажсыз Ғани
وَالَّذِينَ آمَنُوا وَعَمِلُوا الصَّالِحَاتِ لَنُكَفِّرَنَّ عَنْهُمْ سَيِّئَاتِهِمْ وَلَنَجْزِيَنَّهُمْ أَحْسَنَ الَّذِي كَانُوا يَعْمَلُونَ
Иманға келген әрі ізгі амал істегендердің жамандықтарын әлбетте, кетіреміз және оларға істеген жақсы амалдарының қайтарым сыйын береміз

Choose other languages: