Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Anfal Ayahs #68 Translated in Kazakh

يَا أَيُّهَا النَّبِيُّ حَسْبُكَ اللَّهُ وَمَنِ اتَّبَعَكَ مِنَ الْمُؤْمِنِينَ
Ей, Пайғамбар! Саған және өзіңе ерген имандыларға мүміндерге Аллаһ жетіп асады
يَا أَيُّهَا النَّبِيُّ حَرِّضِ الْمُؤْمِنِينَ عَلَى الْقِتَالِ ۚ إِنْ يَكُنْ مِنْكُمْ عِشْرُونَ صَابِرُونَ يَغْلِبُوا مِائَتَيْنِ ۚ وَإِنْ يَكُنْ مِنْكُمْ مِائَةٌ يَغْلِبُوا أَلْفًا مِنَ الَّذِينَ كَفَرُوا بِأَنَّهُمْ قَوْمٌ لَا يَفْقَهُونَ
Ей, Пайғамбар! Имандыларды мүміндерді шайқасқа үнде. Егер сендерден сабырлы жиырма кісі болса, екі жүз кісіні жеңеді. Ал егер сендерден жүз кісі болса, күпірлік етушілердің Аллаһқа қарсы келушілердің мыңын жеңеді. Өйткені олар – түсінбейтін адамдар
الْآنَ خَفَّفَ اللَّهُ عَنْكُمْ وَعَلِمَ أَنَّ فِيكُمْ ضَعْفًا ۚ فَإِنْ يَكُنْ مِنْكُمْ مِائَةٌ صَابِرَةٌ يَغْلِبُوا مِائَتَيْنِ ۚ وَإِنْ يَكُنْ مِنْكُمْ أَلْفٌ يَغْلِبُوا أَلْفَيْنِ بِإِذْنِ اللَّهِ ۗ وَاللَّهُ مَعَ الصَّابِرِينَ
Енді Аллаһ сендерге жеңілдік жасады, өйткені сендерде әлсіздік бар екені Оған белгілі. Егер сендерден сабырлы жүз кісі болса, екі жүз кісіні жеңеді. Ал егер сендерден мың болса, Аллаһтың рұқсатымен екі мыңды жеңеді. Негізінде, Аллаһ сабырлылармен бірге
مَا كَانَ لِنَبِيٍّ أَنْ يَكُونَ لَهُ أَسْرَىٰ حَتَّىٰ يُثْخِنَ فِي الْأَرْضِ ۚ تُرِيدُونَ عَرَضَ الدُّنْيَا وَاللَّهُ يُرِيدُ الْآخِرَةَ ۗ وَاللَّهُ عَزِيزٌ حَكِيمٌ
Бірде-бір пайғамбарға жерде өз жерінде басымдылыққа жеткенге дейін тұтқын ұстау жөн емес. Сендер дүниенің өткінші нәрсесін қалайсыңдар. Ал, Аллаһ соңғы, мәңгілік өмірді ақиретті қалайды. Әрі Аллаһ бәрінен Үстем, аса Дана
لَوْلَا كِتَابٌ مِنَ اللَّهِ سَبَقَ لَمَسَّكُمْ فِيمَا أَخَذْتُمْ عَذَابٌ عَظِيمٌ
Егер Аллаһтың алдын ала жазып бекіткені болмағанда, сендерге олжа алғандарың үшін өте үлкен азап болар еді

Choose other languages: