Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Anfal Ayahs #45 Translated in Kazakh

وَاعْلَمُوا أَنَّمَا غَنِمْتُمْ مِنْ شَيْءٍ فَأَنَّ لِلَّهِ خُمُسَهُ وَلِلرَّسُولِ وَلِذِي الْقُرْبَىٰ وَالْيَتَامَىٰ وَالْمَسَاكِينِ وَابْنِ السَّبِيلِ إِنْ كُنْتُمْ آمَنْتُمْ بِاللَّهِ وَمَا أَنْزَلْنَا عَلَىٰ عَبْدِنَا يَوْمَ الْفُرْقَانِ يَوْمَ الْتَقَى الْجَمْعَانِ ۗ وَاللَّهُ عَلَىٰ كُلِّ شَيْءٍ قَدِيرٌ
Егер сендер Аллаһқа сенген болсаңдар және Айыру күні екі топ Бәдірде кездескен күні құлымызға түсіргенімізге сенсеңдер, онда біліңдер, олжалап алған заттарыңның бестен бірі Аллаһқа және Елшіге, сонымен бірге Елшінің жақын туыстарына, жетімдерге, кедейлер мен жолда қалған жолаушыға тиісті. Аллаһ барлық нәрсені Жасай алушы
إِذْ أَنْتُمْ بِالْعُدْوَةِ الدُّنْيَا وَهُمْ بِالْعُدْوَةِ الْقُصْوَىٰ وَالرَّكْبُ أَسْفَلَ مِنْكُمْ ۚ وَلَوْ تَوَاعَدْتُمْ لَاخْتَلَفْتُمْ فِي الْمِيعَادِ ۙ وَلَٰكِنْ لِيَقْضِيَ اللَّهُ أَمْرًا كَانَ مَفْعُولًا لِيَهْلِكَ مَنْ هَلَكَ عَنْ بَيِّنَةٍ وَيَحْيَىٰ مَنْ حَيَّ عَنْ بَيِّنَةٍ ۗ وَإِنَّ اللَّهَ لَسَمِيعٌ عَلِيمٌ
Сол кезде сендер алқаптың Мәдинаға жақын жағында болсаңдар, олар мүшріктер әскері алыс жағында, ал керуен сендерден төмен жақта еді. Егер де уәделескендерінде де келіскен уақыт пен орында кездесе алмайтын едіңдер. Алайда, құрыған адам анық дәлелмен құруы үшін әрі өмір сүрген адам анық дәлелмен өмір сүруі үшін Аллаһ орындалуы тиіс істі жүзеге асырды. Ақиқатында, Аллаһ әрбір нәрсені Естуші, әрбірнәрсені Білуші
إِذْ يُرِيكَهُمُ اللَّهُ فِي مَنَامِكَ قَلِيلًا ۖ وَلَوْ أَرَاكَهُمْ كَثِيرًا لَفَشِلْتُمْ وَلَتَنَازَعْتُمْ فِي الْأَمْرِ وَلَٰكِنَّ اللَّهَ سَلَّمَ ۗ إِنَّهُ عَلِيمٌ بِذَاتِ الصُّدُورِ
Ей, Мұхаммед! Сонда Аллаһ, түсінде саған оларды аз етіп көрсеткен еді. Егер оларды саған көп етіп көрсеткенде, әлсіздік танытып, іс жайында тартысар едіңдер. Алайда, Аллаһ сақтап қалды. Ақиқатында, Ол кеуделердегіні жүректердегіні жақсы Білуші
وَإِذْ يُرِيكُمُوهُمْ إِذِ الْتَقَيْتُمْ فِي أَعْيُنِكُمْ قَلِيلًا وَيُقَلِّلُكُمْ فِي أَعْيُنِهِمْ لِيَقْضِيَ اللَّهُ أَمْرًا كَانَ مَفْعُولًا ۗ وَإِلَى اللَّهِ تُرْجَعُ الْأُمُورُ
Сендер жаумен кездескен кезде, Аллаһ орындалуы тиіс істі жүзеге асыруы үшін оларды сендердің көздеріңе аз етіп көрсетті, сендерді де олардың көздеріне аз етіп көрсеткен еді. Барлық істер Аллаһқа қайтарылады
يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا إِذَا لَقِيتُمْ فِئَةً فَاثْبُتُوا وَاذْكُرُوا اللَّهَ كَثِيرًا لَعَلَّكُمْ تُفْلِحُونَ
Ей, иманға келгендер! Қашан бір қарсы топпен бетпе-бет келсеңдер, мақсатқа жету үшін берік болыңдар да Аллаһты көп еске алыңдар

Choose other languages: