Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Anbiya Ayahs #91 Translated in Kazakh

وَذَا النُّونِ إِذْ ذَهَبَ مُغَاضِبًا فَظَنَّ أَنْ لَنْ نَقْدِرَ عَلَيْهِ فَنَادَىٰ فِي الظُّلُمَاتِ أَنْ لَا إِلَٰهَ إِلَّا أَنْتَ سُبْحَانَكَ إِنِّي كُنْتُ مِنَ الظَّالِمِينَ
Әрі балық ішінде болғанға да Йунусқа . Ол ашуланған күйі шығып кеткен кезде, Біз оған тарлық жасамайды деп ойлады. Сонда ол қараңғылықтар ішінде: «Сенен басқа ешбір құдай жоқ. Сен барлық кемшіліктен пәксің. Мен әділетсіздерден болдым», деп жалынды
فَاسْتَجَبْنَا لَهُ وَنَجَّيْنَاهُ مِنَ الْغَمِّ ۚ وَكَذَٰلِكَ نُنْجِي الْمُؤْمِنِينَ
Біз оның тілегін қабыл етіп, оны қайғыдан құтқардық. Біз имандыларды осылай құтқарамыз
وَزَكَرِيَّا إِذْ نَادَىٰ رَبَّهُ رَبِّ لَا تَذَرْنِي فَرْدًا وَأَنْتَ خَيْرُ الْوَارِثِينَ
Әрі Зәкәрияға да. Ол Раббысына: «Раббым! Мені жалғыз қалдырма. Сен ие болып қалушылардың ең қайырлысысың»,- деп жалынған кезде
فَاسْتَجَبْنَا لَهُ وَوَهَبْنَا لَهُ يَحْيَىٰ وَأَصْلَحْنَا لَهُ زَوْجَهُ ۚ إِنَّهُمْ كَانُوا يُسَارِعُونَ فِي الْخَيْرَاتِ وَيَدْعُونَنَا رَغَبًا وَرَهَبًا ۖ وَكَانُوا لَنَا خَاشِعِينَ
оның тілегін қабыл етіп, оған Йахйаны сыйладық және әйелін түзеттік. Олар пайғамбарлар жақсы істерді істеуге ұмтылатын. Бізден үміт және қорқумен тілейтін әрі Бізге беріле бойсұнушы еді
وَالَّتِي أَحْصَنَتْ فَرْجَهَا فَنَفَخْنَا فِيهَا مِنْ رُوحِنَا وَجَعَلْنَاهَا وَابْنَهَا آيَةً لِلْعَالَمِينَ
Әрі әйелдік пәктігін сақтағанға да Мәриямды . Біз оған Өзіміздегі рухтан Жәбірейіл арқылы үрледік. Әрі оны және оның баласын әлемдерге белгі-ғибрат еттік

Choose other languages: