Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Anbiya Ayahs #79 Translated in Kazakh

وَأَدْخَلْنَاهُ فِي رَحْمَتِنَا ۖ إِنَّهُ مِنَ الصَّالِحِينَ
Әрі біз оны Өз мейірімімізге кіргіздік. Анығында, ол ізгілерден еді
وَنُوحًا إِذْ نَادَىٰ مِنْ قَبْلُ فَاسْتَجَبْنَا لَهُ فَنَجَّيْنَاهُ وَأَهْلَهُ مِنَ الْكَرْبِ الْعَظِيمِ
Әрі Нұхқа да, ол бұрын жалбарынып сұраған кезде, Біз оған жауап беріп тілегін қабылдап , оны және үй ішін үлкен қасіреттен құтқардық
وَنَصَرْنَاهُ مِنَ الْقَوْمِ الَّذِينَ كَذَّبُوا بِآيَاتِنَا ۚ إِنَّهُمْ كَانُوا قَوْمَ سَوْءٍ فَأَغْرَقْنَاهُمْ أَجْمَعِينَ
Біз оған белгілерімізді өтірік санаған елге қарсы көмек бердік. Олар жаман адамдар еді, сонда олардың барлығын суға батырдық
وَدَاوُودَ وَسُلَيْمَانَ إِذْ يَحْكُمَانِ فِي الْحَرْثِ إِذْ نَفَشَتْ فِيهِ غَنَمُ الْقَوْمِ وَكُنَّا لِحُكْمِهِمْ شَاهِدِينَ
Әрі Дәуіт пен Сүлейменге де. Кезінде бір адамдардың қойы түсіп кеткен егінге қатысты ол екеуі үкім шығарған еді. Біз олардың үкім шығарғанына куә болдық
فَفَهَّمْنَاهَا سُلَيْمَانَ ۚ وَكُلًّا آتَيْنَا حُكْمًا وَعِلْمًا ۚ وَسَخَّرْنَا مَعَ دَاوُودَ الْجِبَالَ يُسَبِّحْنَ وَالطَّيْرَ ۚ وَكُنَّا فَاعِلِينَ
Әрі біз оны дұрыс шешімді Сүлейменге ұқтырдық. Әрқайсысына даналық үкім шығаруды және білім бердік. Әрі тауларды және құстарды Дәуітпен бірге Аллаһты дәріптейтін етіп бағындырдық. Мұны Біз істедік

Choose other languages: