Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Anbiya Ayahs #74 Translated in Kazakh

وَأَرَادُوا بِهِ كَيْدًا فَجَعَلْنَاهُمُ الْأَخْسَرِينَ
Сондай-ақ, олар оған айла-шарғы жасауды қалады. Ал, Біз оларды ең үлкен зиян шегушілерден еттік
وَنَجَّيْنَاهُ وَلُوطًا إِلَى الْأَرْضِ الَّتِي بَارَكْنَا فِيهَا لِلْعَالَمِينَ
Әрі біз оны Ибраһимды және Лұтты әлемдер үшін берекелі еткен жерге шығарыпқұтқардық
وَوَهَبْنَا لَهُ إِسْحَاقَ وَيَعْقُوبَ نَافِلَةً ۖ وَكُلًّا جَعَلْنَا صَالِحِينَ
Және Біз оған Исхақты, әрі оған қоса Йаъқубты сыйладық, олардың барлығын ізгілерден еттік
وَجَعَلْنَاهُمْ أَئِمَّةً يَهْدُونَ بِأَمْرِنَا وَأَوْحَيْنَا إِلَيْهِمْ فِعْلَ الْخَيْرَاتِ وَإِقَامَ الصَّلَاةِ وَإِيتَاءَ الزَّكَاةِ ۖ وَكَانُوا لَنَا عَابِدِينَ
Әрі Біз оларды әміріміз бойынша тура жол бастайтын имамдар жетекшілер еттік. Біз оларға жақсылық істеуді және намазды барлық шарттарын сақтап, беріле толық орындауды және зекетті беруді уахи еттік. Сондай-ақ, олар Бізге құлшылық етушілер болды
وَلُوطًا آتَيْنَاهُ حُكْمًا وَعِلْمًا وَنَجَّيْنَاهُ مِنَ الْقَرْيَةِ الَّتِي كَانَتْ تَعْمَلُ الْخَبَائِثَ ۗ إِنَّهُمْ كَانُوا قَوْمَ سَوْءٍ فَاسِقِينَ
Әрі Лұтқа даналық және білім бердік. Оны жиіркенішті істер жасайтын кенттен құтқардық. Олар жаман, бұзық бойсұнбайтын ел еді

Choose other languages: