Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Anbiya Ayahs #31 Translated in Kazakh

لَا يَسْبِقُونَهُ بِالْقَوْلِ وَهُمْ بِأَمْرِهِ يَعْمَلُونَ
Олар періштелер Одан Аллаһтан бұрын бір сөз айтпайды. Әрі олар Оның бұйрығы бойынша амал жасайды
يَعْلَمُ مَا بَيْنَ أَيْدِيهِمْ وَمَا خَلْفَهُمْ وَلَا يَشْفَعُونَ إِلَّا لِمَنِ ارْتَضَىٰ وَهُمْ مِنْ خَشْيَتِهِ مُشْفِقُونَ
Ол Аллаһ олардың алдарындағыны да, арттарындағыны да біледі. Олар Ол разы болғаннан басқаға араша түспейді шапағат етпейді . Олар Одан қорыққаннан діріл қағып тұрады
وَمَنْ يَقُلْ مِنْهُمْ إِنِّي إِلَٰهٌ مِنْ دُونِهِ فَذَٰلِكَ نَجْزِيهِ جَهَنَّمَ ۚ كَذَٰلِكَ نَجْزِي الظَّالِمِينَ
Ал олардан кім: «Мен Одан басқа құдаймын», десе, оны Жаһаннаммен жазалаймыз. Біз әділетсіздердің қайтарым жазасын осылай береміз
أَوَلَمْ يَرَ الَّذِينَ كَفَرُوا أَنَّ السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضَ كَانَتَا رَتْقًا فَفَتَقْنَاهُمَا ۖ وَجَعَلْنَا مِنَ الْمَاءِ كُلَّ شَيْءٍ حَيٍّ ۖ أَفَلَا يُؤْمِنُونَ
Аспандар мен жер біртұтас болып, Біз оларды ажыратқанымызды және әрбір тірі нәрсені судан жасағанымызды күпірлік етушілер Аллаһқа сенуден бас тартқандар көрмей ме білмей ме ? Олар сонда да сенбей ме
وَجَعَلْنَا فِي الْأَرْضِ رَوَاسِيَ أَنْ تَمِيدَ بِهِمْ وَجَعَلْنَا فِيهَا فِجَاجًا سُبُلًا لَعَلَّهُمْ يَهْتَدُونَ
Біз жерде, оның олармен бірге шайқалмауы үшін берік тұрғандарды тауларды орнаттық. және онда олардың жол табулары үшін кең жолдар жасадық

Choose other languages: