Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Anaam Ayahs #56 Translated in Kazakh

وَلَا تَطْرُدِ الَّذِينَ يَدْعُونَ رَبَّهُمْ بِالْغَدَاةِ وَالْعَشِيِّ يُرِيدُونَ وَجْهَهُ ۖ مَا عَلَيْكَ مِنْ حِسَابِهِمْ مِنْ شَيْءٍ وَمَا مِنْ حِسَابِكَ عَلَيْهِمْ مِنْ شَيْءٍ فَتَطْرُدَهُمْ فَتَكُونَ مِنَ الظَّالِمِينَ
Ей, Мұхаммед! Таңертең және кешке Раббысына жалбарынып, Оның дидарын қалайтындарды қасыңнан қума. Сен олардың есебінен жауапты емессің, олар да сенің есебіңнен жауапты емес. Егер оларды қусаң, әділетсіздерден боласың
وَكَذَٰلِكَ فَتَنَّا بَعْضَهُمْ بِبَعْضٍ لِيَقُولُوا أَهَٰؤُلَاءِ مَنَّ اللَّهُ عَلَيْهِمْ مِنْ بَيْنِنَا ۗ أَلَيْسَ اللَّهُ بِأَعْلَمَ بِالشَّاكِرِينَ
«Біздің арамыздағы Аллаһ игілік еткен адамдар осылар ма?» деп айтулары үшін олардың кейбірін өзгелерімен осылай сынадық. Аллаһ шүкір етушілерді берген игіліктеріне алғыс білдірушілерді жақсы біледі емес пе
وَإِذَا جَاءَكَ الَّذِينَ يُؤْمِنُونَ بِآيَاتِنَا فَقُلْ سَلَامٌ عَلَيْكُمْ ۖ كَتَبَ رَبُّكُمْ عَلَىٰ نَفْسِهِ الرَّحْمَةَ ۖ أَنَّهُ مَنْ عَمِلَ مِنْكُمْ سُوءًا بِجَهَالَةٍ ثُمَّ تَابَ مِنْ بَعْدِهِ وَأَصْلَحَ فَأَنَّهُ غَفُورٌ رَحِيمٌ
Ей, Мұхаммед! Қашан саған аяттарымызға сенгендер келсе: «Сендерге амандық болсын. Сәләмун ъалайкум! Раббыңыз Өзіне мейірімді жазған. Сендерден біреу білместікпен бір жамандық істеп, содан кейін істеген күнәсіне шынайы өкініп, Аллаһқа бойсұнуға қайтса тәубеге келсе және түзетсе, ақиқатында, Ол өте Кешірімді, ерекше Мейірімді » деп айт
وَكَذَٰلِكَ نُفَصِّلُ الْآيَاتِ وَلِتَسْتَبِينَ سَبِيلُ الْمُجْرِمِينَ
Күнәһарлардың жолы анықталуы үшін Біз аяттарды осылай анық етіп түсіндіреміз
قُلْ إِنِّي نُهِيتُ أَنْ أَعْبُدَ الَّذِينَ تَدْعُونَ مِنْ دُونِ اللَّهِ ۚ قُلْ لَا أَتَّبِعُ أَهْوَاءَكُمْ ۙ قَدْ ضَلَلْتُ إِذًا وَمَا أَنَا مِنَ الْمُهْتَدِينَ
Ей, Мұхаммед! Айт: «Анығында, маған сендердің Аллаһтан өзге тілейтіндеріңе құлшылық етуге тыйым салынды», деп. «Сендердің көңілқұмарлықтарыңа ермеймін. Олай істесем, адасқан және тура жолда жүрмегендерден боламын», деп

Choose other languages: