Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Anaam Ayahs #8 Translated in Kazakh

6:4
وَمَا تَأْتِيهِمْ مِنْ آيَةٍ مِنْ آيَاتِ رَبِّهِمْ إِلَّا كَانُوا عَنْهَا مُعْرِضِينَ
Оларға мүшріктерге Раббысының белгілерінен қандай да бір белгі келсе де, олар міндетті түрде одан бет бұрды
6:5
فَقَدْ كَذَّبُوا بِالْحَقِّ لَمَّا جَاءَهُمْ ۖ فَسَوْفَ يَأْتِيهِمْ أَنْبَاءُ مَا كَانُوا بِهِ يَسْتَهْزِئُونَ
Негізінде, олар өздеріне ақиқат келген кезде, оны өтірікке шығарды. Олардың келеке еткен нәрселерінің хабары жақында өздеріне келеді
6:6
أَلَمْ يَرَوْا كَمْ أَهْلَكْنَا مِنْ قَبْلِهِمْ مِنْ قَرْنٍ مَكَّنَّاهُمْ فِي الْأَرْضِ مَا لَمْ نُمَكِّنْ لَكُمْ وَأَرْسَلْنَا السَّمَاءَ عَلَيْهِمْ مِدْرَارًا وَجَعَلْنَا الْأَنْهَارَ تَجْرِي مِنْ تَحْتِهِمْ فَأَهْلَكْنَاهُمْ بِذُنُوبِهِمْ وَأَنْشَأْنَا مِنْ بَعْدِهِمْ قَرْنًا آخَرِينَ
Олар өздерінен ілгері өткен қанша халықты құртып жібергенімізді көрмеді ме? Біз оларға жер жүзінде сендерге бермеген күш-қуат бердік. Оларға аспаннан мол жаңбыр жібердік әрі астынан өзендерді ағызып қойдық. Содан кейін күнәлары себебінен оларды құртып жібердік те, олардан соң жаңадан басқа халықтарды пайда қылдық
6:7
وَلَوْ نَزَّلْنَا عَلَيْكَ كِتَابًا فِي قِرْطَاسٍ فَلَمَسُوهُ بِأَيْدِيهِمْ لَقَالَ الَّذِينَ كَفَرُوا إِنْ هَٰذَا إِلَّا سِحْرٌ مُبِينٌ
Ей, Мұхаммед! Егер де Біз саған парақтағы бір Жазбаны түсіріп, олар оны қолдарымен сипап көрсе де күпірлік етушілер иманды теріске шығарушылар : «Бүл анық сиқырдан басқа нәрсе емес», деп айтар еді
6:8
وَقَالُوا لَوْلَا أُنْزِلَ عَلَيْهِ مَلَكٌ ۖ وَلَوْ أَنْزَلْنَا مَلَكًا لَقُضِيَ الْأَمْرُ ثُمَّ لَا يُنْظَرُونَ
Олар : «Оған періште түсірілмеді ме?» дейді. Егер Біз періште түсірсек, онда іске шешім шығарылып, содан кейін оларға мұрсат берілмес еді

Choose other languages: