Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Anaam Ayahs #156 Translated in Kazakh

وَلَا تَقْرَبُوا مَالَ الْيَتِيمِ إِلَّا بِالَّتِي هِيَ أَحْسَنُ حَتَّىٰ يَبْلُغَ أَشُدَّهُ ۖ وَأَوْفُوا الْكَيْلَ وَالْمِيزَانَ بِالْقِسْطِ ۖ لَا نُكَلِّفُ نَفْسًا إِلَّا وُسْعَهَا ۖ وَإِذَا قُلْتُمْ فَاعْدِلُوا وَلَوْ كَانَ ذَا قُرْبَىٰ ۖ وَبِعَهْدِ اللَّهِ أَوْفُوا ۚ ذَٰلِكُمْ وَصَّاكُمْ بِهِ لَعَلَّكُمْ تَذَكَّرُونَ
Жетімнің мал-дүниесіне жақындамаңдар. Алайда, ол балиғатқа жеткенінше зиян келтірмей , жақсы түрде пайдалансаңдар болады. Өлшеуді және таразыға тартуды туралықпен толық орындаңдар. Біз әрбір жанға шамасы келетінді ғана жүктейміз. Сөйлегендерінде әділ болыңдар, тіпті жақындарың болса да. Әрі Аллаһ алдындағы сертті толық орындаңдар. Ол мұны сендерге еске алуларың үшін бұйырды
وَأَنَّ هَٰذَا صِرَاطِي مُسْتَقِيمًا فَاتَّبِعُوهُ ۖ وَلَا تَتَّبِعُوا السُّبُلَ فَتَفَرَّقَ بِكُمْ عَنْ سَبِيلِهِ ۚ ذَٰلِكُمْ وَصَّاكُمْ بِهِ لَعَلَّكُمْ تَتَّقُونَ
Ақиқатында, осы Менің тура жолым. Ендеше оған еріңдер де басқа жолдарға ермеңдер, өйткені олар басқа жолдар сендерді Оның жолынан айырады. Ол сендерге мұны Өзінің азабынан қорқып, сақтануларың тақуалық етулерің үшін өсиет етіп тапсырды»
ثُمَّ آتَيْنَا مُوسَى الْكِتَابَ تَمَامًا عَلَى الَّذِي أَحْسَنَ وَتَفْصِيلًا لِكُلِّ شَيْءٍ وَهُدًى وَرَحْمَةً لَعَلَّهُمْ بِلِقَاءِ رَبِّهِمْ يُؤْمِنُونَ
Әрі Біз Мұсаға Кітапты жақсылық істеушіге игіліктерімізді толықтыру және әрбір нәрсенің анық түсіндірмесі және жетекші әрі мейірім етіп, Раббысымен жолығуға сенулері үшін бердік
وَهَٰذَا كِتَابٌ أَنْزَلْنَاهُ مُبَارَكٌ فَاتَّبِعُوهُ وَاتَّقُوا لَعَلَّكُمْ تُرْحَمُونَ
Әрі, Біз түсірген бұл Кітап Құран берекелі көп игілікті, мол білім мен даналықты қамтыған , Аллаһтың мейіріміне жетулерің үшін оған Құранға еріңдер және тақуа болыңдар Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтаныңдар
أَنْ تَقُولُوا إِنَّمَا أُنْزِلَ الْكِتَابُ عَلَىٰ طَائِفَتَيْنِ مِنْ قَبْلِنَا وَإِنْ كُنَّا عَنْ دِرَاسَتِهِمْ لَغَافِلِينَ
«Кітап бізден алдын тек екі үмметке ғана түсірілген, ал біз олардың оқып үйренгендерінен ғапыл болдық», деп айтпауларың үшін

Choose other languages: