Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Ahzab Ayahs #73 Translated in Kazakh

يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا لَا تَكُونُوا كَالَّذِينَ آذَوْا مُوسَىٰ فَبَرَّأَهُ اللَّهُ مِمَّا قَالُوا ۚ وَكَانَ عِنْدَ اللَّهِ وَجِيهًا
Ей, иманға келгендер! Сендер Мұсаны ренжіткендер сияқты болмаңдар. Аллаһ оны олардың айтқандарына жалаларына қатысы жоқ екенін көрсетті. Ол Аллаһтың алдында қадірлі еді
يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا اتَّقُوا اللَّهَ وَقُولُوا قَوْلًا سَدِيدًا
Ей, иманға келгендер! Аллаһтан Оның жазасынан қорқып, сақтаныңдар және тура сөз сөйлеңдер
يُصْلِحْ لَكُمْ أَعْمَالَكُمْ وَيَغْفِرْ لَكُمْ ذُنُوبَكُمْ ۗ وَمَنْ يُطِعِ اللَّهَ وَرَسُولَهُ فَقَدْ فَازَ فَوْزًا عَظِيمًا
Сонда Ол амалдарыңды оңғарады әрі күнәларыңды кешіреді. Кім Аллаһқа және Оның Елшісіне бойсұнса, сол ұлы жетістікке жетті
إِنَّا عَرَضْنَا الْأَمَانَةَ عَلَى السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضِ وَالْجِبَالِ فَأَبَيْنَ أَنْ يَحْمِلْنَهَا وَأَشْفَقْنَ مِنْهَا وَحَمَلَهَا الْإِنْسَانُ ۖ إِنَّهُ كَانَ ظَلُومًا جَهُولًا
Ақиқатында Біз аманатты аспандарға, жерге және тауларға ұсындық, сонда олар оны міндетіне алудан бас тартты және одан оны орындай алмауынан қорықты. Ал оны адам арқалады өз міндетіне алды ,- өйткені ол әділетсіз, надан жауапкерсіз
لِيُعَذِّبَ اللَّهُ الْمُنَافِقِينَ وَالْمُنَافِقَاتِ وَالْمُشْرِكِينَ وَالْمُشْرِكَاتِ وَيَتُوبَ اللَّهُ عَلَى الْمُؤْمِنِينَ وَالْمُؤْمِنَاتِ ۗ وَكَانَ اللَّهُ غَفُورًا رَحِيمًا
Осылай болуы! Аллаһтың мұнафиқ ерлерді және мұнафиқ әйелдерді әрі Аллаһқа серік қосушы ерлерді және серік қосушы әйелдерді азаптауы үшін, ал иманды ерлер және иманды әйелдердің істеген күнәсіне шынайы өкініп, Өзіне бойсұнуға қайтуын тәубесін қабыл етуі үшін . Әрі Аллаһ өте Кешірімді, ерекше Мейірімді

Choose other languages: