Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Ahzab Ayahs #70 Translated in Kazakh

يَوْمَ تُقَلَّبُ وُجُوهُهُمْ فِي النَّارِ يَقُولُونَ يَا لَيْتَنَا أَطَعْنَا اللَّهَ وَأَطَعْنَا الرَّسُولَا
Сол күні беттері от ішінде аударылғанда олар: «Әттең, егер біз Аллаһқа бойсұнсақ және Елшіге бағынсақ еді!» дейді
وَقَالُوا رَبَّنَا إِنَّا أَطَعْنَا سَادَتَنَا وَكُبَرَاءَنَا فَأَضَلُّونَا السَّبِيلَا
олар: «Раббымыз! Біз басшыларымыз бен үлкендерімізге бағынған едік, олар бізді жолдан адастырды
رَبَّنَا آتِهِمْ ضِعْفَيْنِ مِنَ الْعَذَابِ وَالْعَنْهُمْ لَعْنًا كَبِيرًا
Раббымыз! Оларға азапты екі есе етіп бер және оларды үлкен лағнетке ұшырат», дейді
يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا لَا تَكُونُوا كَالَّذِينَ آذَوْا مُوسَىٰ فَبَرَّأَهُ اللَّهُ مِمَّا قَالُوا ۚ وَكَانَ عِنْدَ اللَّهِ وَجِيهًا
Ей, иманға келгендер! Сендер Мұсаны ренжіткендер сияқты болмаңдар. Аллаһ оны олардың айтқандарына жалаларына қатысы жоқ екенін көрсетті. Ол Аллаһтың алдында қадірлі еді
يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا اتَّقُوا اللَّهَ وَقُولُوا قَوْلًا سَدِيدًا
Ей, иманға келгендер! Аллаһтан Оның жазасынан қорқып, сақтаныңдар және тура сөз сөйлеңдер

Choose other languages: