Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Ahzab Ayahs #29 Translated in Kazakh

وَرَدَّ اللَّهُ الَّذِينَ كَفَرُوا بِغَيْظِهِمْ لَمْ يَنَالُوا خَيْرًا ۚ وَكَفَى اللَّهُ الْمُؤْمِنِينَ الْقِتَالَ ۚ وَكَانَ اللَّهُ قَوِيًّا عَزِيزًا
Әрі Аллаһ күпірлік етушілерді мұсылманға қарсы одақтастарды ызаланған кейіптерінде Мединадан кері қайтарды және олар игілікке жете алмады. Әрі Аллаһ имандыларды мүміндерді шайқастан құтқарды. Аллаһ өте Күшті, бәрінен Үстем
وَأَنْزَلَ الَّذِينَ ظَاهَرُوهُمْ مِنْ أَهْلِ الْكِتَابِ مِنْ صَيَاصِيهِمْ وَقَذَفَ فِي قُلُوبِهِمُ الرُّعْبَ فَرِيقًا تَقْتُلُونَ وَتَأْسِرُونَ فَرِيقًا
Әрі Ол Кітап берілген қауымнан оларға одақтастарға көмек бергендерді қамалдарынан шығарды және олардың жүректеріне үрей салды. Сендер олардың бір тобын өлтіресіңдер, ал бір тобын тұтқынға аласыңдар
وَأَوْرَثَكُمْ أَرْضَهُمْ وَدِيَارَهُمْ وَأَمْوَالَهُمْ وَأَرْضًا لَمْ تَطَئُوهَا ۚ وَكَانَ اللَّهُ عَلَىٰ كُلِّ شَيْءٍ قَدِيرًا
Әрі Ол сендерге олардың жерін, үйлерін және мал-мүліктерін әрі өздерің аяқ баспаған жерлерді мұра етіп берді. Аллаһ барлық нәрсені Жасай алушы
يَا أَيُّهَا النَّبِيُّ قُلْ لِأَزْوَاجِكَ إِنْ كُنْتُنَّ تُرِدْنَ الْحَيَاةَ الدُّنْيَا وَزِينَتَهَا فَتَعَالَيْنَ أُمَتِّعْكُنَّ وَأُسَرِّحْكُنَّ سَرَاحًا جَمِيلًا
Ей, Пайғамбар! жұбайларыңа айт: «Егер сендер дүние тіршілігі мен оның сәнін қалайтын болсаңдар, онда бері келіңдер, сендерге пайдаланатын біраз дүние беріп, көркем түрде жіберейін
وَإِنْ كُنْتُنَّ تُرِدْنَ اللَّهَ وَرَسُولَهُ وَالدَّارَ الْآخِرَةَ فَإِنَّ اللَّهَ أَعَدَّ لِلْمُحْسِنَاتِ مِنْكُنَّ أَجْرًا عَظِيمًا
Ал егер Аллаһты, Оның Елшісін және мәңгілік соңғы өмір ақирет мекенін қаласаңдар, ақиқатында Аллаһ сендерден ықыласпен жақсылық істеуші әйелдерге ұлы сый Жәннат әзірлеген»,- деп

Choose other languages: