Quran Apps in many lanuages:

Surah Aal-E-Imran Ayahs #84 Translated in Kazakh

وَلَا يَأْمُرَكُمْ أَنْ تَتَّخِذُوا الْمَلَائِكَةَ وَالنَّبِيِّينَ أَرْبَابًا ۗ أَيَأْمُرُكُمْ بِالْكُفْرِ بَعْدَ إِذْ أَنْتُمْ مُسْلِمُونَ
Әрі оның сендерге періштелер мен пайғамбарларды құдайлар етіп алуды бұйыруына болмайды. Мұсылман болғандарыңнан кейін ол Елші сендерді күпірлікке Аллаһқа серік қосуға бұйыра ма
وَإِذْ أَخَذَ اللَّهُ مِيثَاقَ النَّبِيِّينَ لَمَا آتَيْتُكُمْ مِنْ كِتَابٍ وَحِكْمَةٍ ثُمَّ جَاءَكُمْ رَسُولٌ مُصَدِّقٌ لِمَا مَعَكُمْ لَتُؤْمِنُنَّ بِهِ وَلَتَنْصُرُنَّهُ ۚ قَالَ أَأَقْرَرْتُمْ وَأَخَذْتُمْ عَلَىٰ ذَٰلِكُمْ إِصْرِي ۖ قَالُوا أَقْرَرْنَا ۚ قَالَ فَاشْهَدُوا وَأَنَا مَعَكُمْ مِنَ الشَّاهِدِينَ
Кезінде Аллаһ пайғамбарлардан: «Мен сендерге Кітап, даналық бердім, содан кейін сендерге өздеріңдегіні растаушы бір Елші келсе, міндетті түрде оған сенесіңдер және жәрдем бересіңдер», деп серт алды. Оларға : «Растадыңдар ма әрі жүктегенімді қабыл алдыңдар ма?» дегенде, олар: «Растадық!» деді. Аллаһ : «Ендеше куә болыңдар. Мен де сендермен бірге куә болушыларданмын», деді
فَمَنْ تَوَلَّىٰ بَعْدَ ذَٰلِكَ فَأُولَٰئِكَ هُمُ الْفَاسِقُونَ
Ал, кім осыдан кейін бет бұрса, міне, солар нағыз бұзықтар бойсұнбаушылар
أَفَغَيْرَ دِينِ اللَّهِ يَبْغُونَ وَلَهُ أَسْلَمَ مَنْ فِي السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضِ طَوْعًا وَكَرْهًا وَإِلَيْهِ يُرْجَعُونَ
Оған Аллаһқа аспандардағы және жердегілер ерікті әрі еріксіз түрде бойсұнғанда, олар Аллаһтың дінінен басқаны іздей ме? Әрі олар Оған қайтарылады
قُلْ آمَنَّا بِاللَّهِ وَمَا أُنْزِلَ عَلَيْنَا وَمَا أُنْزِلَ عَلَىٰ إِبْرَاهِيمَ وَإِسْمَاعِيلَ وَإِسْحَاقَ وَيَعْقُوبَ وَالْأَسْبَاطِ وَمَا أُوتِيَ مُوسَىٰ وَعِيسَىٰ وَالنَّبِيُّونَ مِنْ رَبِّهِمْ لَا نُفَرِّقُ بَيْنَ أَحَدٍ مِنْهُمْ وَنَحْنُ لَهُ مُسْلِمُونَ
Ей, Мұхаммед! Айт: «Біз Аллаһқа сендік иманға^ келдік және бізге түсірілгенге Құранға әрі Ибраһимге, Исмаъилға, Исхаққа, Йаъқубқа және оның әулеттеріне түсірілгенге, сондай-ақ, Мұсаға, Исаға және пайғамбарларға Раббысы тарапынан берілгенге сендік . Олардың ешқайсысының араларын бөлмейміз. Әрі Біз Оған бойсұнушымыз», деп

Choose other languages: