Quran Apps in many lanuages:

Surah Aal-E-Imran Ayahs #43 Translated in Kazakh

فَنَادَتْهُ الْمَلَائِكَةُ وَهُوَ قَائِمٌ يُصَلِّي فِي الْمِحْرَابِ أَنَّ اللَّهَ يُبَشِّرُكَ بِيَحْيَىٰ مُصَدِّقًا بِكَلِمَةٍ مِنَ اللَّهِ وَسَيِّدًا وَحَصُورًا وَنَبِيًّا مِنَ الصَّالِحِينَ
Ол михрабта құлшылық орнында намаз оқып тұрған кезде, періштелер: «Аллаһ сені Аллаһтың сөзін растаушы, ел ағасы, ұстамды әрі ізгілер қатарында пайғамбар болатын Яхиямен сүйіншілейді», деп үн қатты
قَالَ رَبِّ أَنَّىٰ يَكُونُ لِي غُلَامٌ وَقَدْ بَلَغَنِيَ الْكِبَرُ وَامْرَأَتِي عَاقِرٌ ۖ قَالَ كَذَٰلِكَ اللَّهُ يَفْعَلُ مَا يَشَاءُ
Зәкәрия . «Менде бала қалай болады?! Негізінде өзіме кәрілік жетті, ал әйелім бедеу», деді. Періште : «Міне, осылай, Аллаһ нені қаласа соны жасайды», деді
قَالَ رَبِّ اجْعَلْ لِي آيَةً ۖ قَالَ آيَتُكَ أَلَّا تُكَلِّمَ النَّاسَ ثَلَاثَةَ أَيَّامٍ إِلَّا رَمْزًا ۗ وَاذْكُرْ رَبَّكَ كَثِيرًا وَسَبِّحْ بِالْعَشِيِّ وَالْإِبْكَارِ
Зәкәрия : «Раббым! Маған бір белгі бер», деді. Ол: «Сенің белгің адамдармен үш күн тек ишарамен ғана сөйлесуің. Раббыңды көп еске ал әрі кешке және таңертең Оны дәріпте», деді
وَإِذْ قَالَتِ الْمَلَائِكَةُ يَا مَرْيَمُ إِنَّ اللَّهَ اصْطَفَاكِ وَطَهَّرَكِ وَاصْطَفَاكِ عَلَىٰ نِسَاءِ الْعَالَمِينَ
Періштелер: «Ей, Мәриям! Ақиқатында Аллаһ сені таңдап алды әрі тазартты және Сені әлемдегі әйелдер арасынан таңдады
يَا مَرْيَمُ اقْنُتِي لِرَبِّكِ وَاسْجُدِي وَارْكَعِي مَعَ الرَّاكِعِينَ
Ей, Мәриям! Раббыңа бойсұна беріл, сәжде жаса және рукуғ етушілермен бірге рукуғ ет», деді

Choose other languages: