Quran Apps in many lanuages:

Surah Aal-E-Imran Ayahs #198 Translated in Kazakh

رَبَّنَا وَآتِنَا مَا وَعَدْتَنَا عَلَىٰ رُسُلِكَ وَلَا تُخْزِنَا يَوْمَ الْقِيَامَةِ ۗ إِنَّكَ لَا تُخْلِفُ الْمِيعَادَ
Раббымыз! Бізге елшілерің арқылы уәде еткеніңді бер және бізді Қайта тірілу күні қорлама. Ақиқатында, Сен уәдеңді бұзбайсың», деп тілейді
فَاسْتَجَابَ لَهُمْ رَبُّهُمْ أَنِّي لَا أُضِيعُ عَمَلَ عَامِلٍ مِنْكُمْ مِنْ ذَكَرٍ أَوْ أُنْثَىٰ ۖ بَعْضُكُمْ مِنْ بَعْضٍ ۖ فَالَّذِينَ هَاجَرُوا وَأُخْرِجُوا مِنْ دِيَارِهِمْ وَأُوذُوا فِي سَبِيلِي وَقَاتَلُوا وَقُتِلُوا لَأُكَفِّرَنَّ عَنْهُمْ سَيِّئَاتِهِمْ وَلَأُدْخِلَنَّهُمْ جَنَّاتٍ تَجْرِي مِنْ تَحْتِهَا الْأَنْهَارُ ثَوَابًا مِنْ عِنْدِ اللَّهِ ۗ وَاللَّهُ عِنْدَهُ حُسْنُ الثَّوَابِ
Сонда Раббысы оларға: «Анығында, Мен сендерден амал істеуші еркек не әйелдің амалын зая кетірмеймін. Сендер бір-біріңненсің. Ал, сондай қоныс аударған, жұрттарынан қуылған, Менің жолымда жапа шеккен, соғысқан және өлтірілгендердің жаман істерін кешіріп, оларды астынан өзендер ағып жататын Жәннаттағы бақтарға кіргіземін. Бұл Аллаһтан бір сый ретінде. Сыйдың көркемі Аллаһта», деп жауап берді
لَا يَغُرَّنَّكَ تَقَلُّبُ الَّذِينَ كَفَرُوا فِي الْبِلَادِ
Ей, Мұхаммед! Сені күпірлік етушілердің Аллаһтың дінін мойындамағандардың елді аралап жүруі еш алдандырмасын
مَتَاعٌ قَلِيلٌ ثُمَّ مَأْوَاهُمْ جَهَنَّمُ ۚ وَبِئْسَ الْمِهَادُ
бұл аз ғана пайдалану. Одан соң олардың «паналайтын жайы» Жаһаннам. Ол қандай жаман орын
لَٰكِنِ الَّذِينَ اتَّقَوْا رَبَّهُمْ لَهُمْ جَنَّاتٌ تَجْرِي مِنْ تَحْتِهَا الْأَنْهَارُ خَالِدِينَ فِيهَا نُزُلًا مِنْ عِنْدِ اللَّهِ ۗ وَمَا عِنْدَ اللَّهِ خَيْرٌ لِلْأَبْرَارِ
Алайда, Раббысынан Оның жазасы­нан қорқып, сақтанғандарға, астынан өзендер ағып жатқан Жәннаттағы бақтар бар, олар онда мәңгі қалушы. Бұл Аллаһтан сый-сияпат ретінде. Әрі Аллаһтағы нәрселер ізгілер үшін қайырлы

Choose other languages: