Quran Apps in many lanuages:

Surah Yusuf Ayahs #54 Translated in Kazakh

وَقَالَ الْمَلِكُ ائْتُونِي بِهِ ۖ فَلَمَّا جَاءَهُ الرَّسُولُ قَالَ ارْجِعْ إِلَىٰ رَبِّكَ فَاسْأَلْهُ مَا بَالُ النِّسْوَةِ اللَّاتِي قَطَّعْنَ أَيْدِيَهُنَّ ۚ إِنَّ رَبِّي بِكَيْدِهِنَّ عَلِيمٌ
Патша: «Оны маған алып келіндер», деді. Өзіне жіберілген кісі келген кезде, ол Йусуф : «Қожайыныңа қайтып бар. Одан, қолдарын кескен әйелдердің жай-жапсарын сұра. Ақиқатында, Раббым олардың қулық-сұмдығын Білуші», деді
قَالَ مَا خَطْبُكُنَّ إِذْ رَاوَدْتُنَّ يُوسُفَ عَنْ نَفْسِهِ ۚ قُلْنَ حَاشَ لِلَّهِ مَا عَلِمْنَا عَلَيْهِ مِنْ سُوءٍ ۚ قَالَتِ امْرَأَتُ الْعَزِيزِ الْآنَ حَصْحَصَ الْحَقُّ أَنَا رَاوَدْتُهُ عَنْ نَفْسِهِ وَإِنَّهُ لَمِنَ الصَّادِقِينَ
Патша: «Сендер Йусуфты азғырған кезде не жағдай болған еді», деп стра­ды. Олар әйелдер : «Аллаһ пәк! Біз ол жайында ешбір жамандық білмедік», десті. Уәзірдің әйелі: «Қазір шындық ортаға шықты. Мен оны азғырған едім. Ал, ол шын сөзділерден», деді
ذَٰلِكَ لِيَعْلَمَ أَنِّي لَمْ أَخُنْهُ بِالْغَيْبِ وَأَنَّ اللَّهَ لَا يَهْدِي كَيْدَ الْخَائِنِينَ
Йусуф : «Бұл оның уәзірдің менің оған жасырын сыртынан қиянат жасамағанымды білуі үшін. Аллаһ қиянатшылдардың қулық-сұмдығын оңғармайды көмектеспейді
وَمَا أُبَرِّئُ نَفْسِي ۚ إِنَّ النَّفْسَ لَأَمَّارَةٌ بِالسُّوءِ إِلَّا مَا رَحِمَ رَبِّي ۚ إِنَّ رَبِّي غَفُورٌ رَحِيمٌ
Мен өз жанымды ақтамаймын. Егер Раббым мейірім етпесе, шын мәнінде, адам жаны жамандыққа бұйырушы. Ақиқатында, Раббым өте Кешірімді, ерекше Мейірімді
وَقَالَ الْمَلِكُ ائْتُونِي بِهِ أَسْتَخْلِصْهُ لِنَفْسِي ۖ فَلَمَّا كَلَّمَهُ قَالَ إِنَّكَ الْيَوْمَ لَدَيْنَا مَكِينٌ أَمِينٌ
Патша: «Оны маған алып келіңдер. Мен оны өз адамым етіп аламын», деді. Ол онымен сөйлескен кезде: «Анығында, сен бүгін біздің алдымызда мәртебеге ие, сенімді адамсың», деді

Choose other languages: